ҚАРАҒАНДЫДА: 21°C
  • USD 447.40
  • EUR 477.55
  • RUB 4.76
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

05 Шілде 2022 16:30

2022 жылғы 4-5 шілде аралығында Қарағанды Қазтұтынуодағы университетінің Қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасының оқытушылары үшін «Қазтест» бөліктерінің мақсат-міндетімен және тапсырмалар жүйесімен, жүйедегі жаңалықтармен таныстыруға арналған іс-шара ұйымдастырылды.

Аталған әдістемелік семинарды Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығы өткізді. Орталықтың бөлім меңгерушісі Жұпар Жақанова С1 деңгейі бойынша «Қазтест» бөліктерінің тапсырмаларының берілуі, ерекше мән беретін тұстары туралы түсіндіріп, қатысушылардың практикалық тапсырмаларды орындауына да көңіл бөлді. Қатысушылар Оқылым, Тыңдалым, Лексика-грамматика бөліктерінің тапсырмасын орындап, эссе жазып көрді.

Әдістемелік семинарда қарастырылған мәселелердің тест сұрақтарына жауап беру дағдысын қалыптастыруға әкелетіні сөзсіз. Іс-шара соңында кафедра ұстаздары әдістемелік көмек көрсеткені үшін Жұпар Рысқұлқызына алғыс білдірді.

 










Артқа қайту