ҚАРАҒАНДЫДА: 9°C
  • USD 449.58
  • EUR 486.94
  • RUB 4.86
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Директор

СМАҒҰЛОВА МӨЛДІР ҚҰСАЙЫНҚЫЗЫ

 

1990 жылы 9 қарашада Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Арқалық ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2012 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін филология факультеті, журналистика мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолын 2014 жылы Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Ономастика, сараптама және қоғамдық ұйымдармен байланыс бөлімінің жетекші маманы қызметінен бастаған.

2018 жылы Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығына Латын графикасына көшу бойынша талдау, мониторинг және ақпараттық технологиялар бөлімінің БАҚ-ты және көрнекі ақпараттарды латын графикасына көшіру жөніндегі инспекторы ретінде орналасып, 2019 жылғы 3 қаңтардан бастап Латын графикасына көшу бойынша талдау, мониторинг және ақпараттық технологиялар бөлімінің меңгерушісі болып ауыстырылды.

2020 жылдың 2 қарашасынан бастап «Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ресурстық тіл орталығы» КММ-нің директоры болып тағайындалды.