ҚАРАҒАНДЫДА: 9°C
  • USD 449.58
  • EUR 486.94
  • RUB 4.86
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазакстан халқына Жолдауларын жүзеге асыру жөнінде

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазакстан халқына Жолдауларын жүзеге асыру жөнінде

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы

«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2018 жылғы 6 ай ішіндегі ақпараты

 

Бөлімде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Халқына Жолдауын іске асыру бойынша жұмыс ұйымдастырылған.

Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясат әрқашан өзінің әлеуметтік бағытымен ерекшеленді, Елбасының Қазақстанның төртінші өнеркәсіптік революция жағдайына арналған биылғы Жолдауы да сол тәрізді.

Бағдарламаның «Адами капитал – жаңғыру негізі»жетінші бағытында, өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс екені айтылған.

Экономикалық өсу резерві өзін өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар болып саналады.

2017 жылы ресми еңбек қатынастарын рәсімдемеген азаматтардың мәртебелерін анықтау бойынша жұмыс басталды. 2018 жылы бұл жұмыс жалғастырылуда. Мәртебесі жоқ 17058 адамнан, 11889 адамның мәртебесі анықталды. 21 маусым ахуалы бойынша өзектендірілмеген тұлғалардың қалғаны – 5169 адам, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен шыққандар – 1280 адам, үй шаруасында – 1326 адам, Жұмыс Саран қаласының кірістер жөніндегі басқармасымен, білім бөлімімен жүргізіледі. Сондай-ақ қаланың жұмыс берушілерімен де серіктестік ұйымдастырылған.

Адамдарды нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту мүмкіндігін ұсыну мақсатында 126 адамды оқытумен қамту жоспарлануда. 2018 жылғы 1 шілде ахуалы бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарына 139 адам, оның ішінде жұмыссыздар қатарынан 127 адам жіберілді. Оқыту қаладағы еңбек нарығындағы қажет мамандықтар:

«Дәнекерлеу ісі», «Тігін өндірісі», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Маркетинг», «Пластмасса конструкцияларын монтаждаушы -жинақтаушы», «БӨАжА слесарі», «Іс қағаздарын жүргізуші», «Есеп және аудит», «Дәнекерлеу ісі», «Электрондық теру және беттеу операторы», «Түптеуші» бойынша ұйымдастырылған.

Оқыту Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінің, Саран техникалық колледжінің, «A.V. Group» оқыту орталығының базасында ұйымдастырылған.

Бағдарлама бойынша оқыту мүмкіндігі туралы ақпарат БАҚ, жұмыспен қамту бөлімінің сайтына және әлеуметтік желілерге жарияланады.

Жолдауға сәйкес бірыңғай электрондық еңбек биржасын кең ауқымда енгізу қажет. Онда бос жұмыс орындары мен жұмыс іздеушілер туралы барлық ақпарат жинақталуға тиіс.

1 шілде ахуалы бойынша бірыңғай электрондық еңбек биржасының порталыңда Саран қаласының 72 жұмыс берушісі жұмыс істейді, мәліметтер базасына Саран қаласында тұратын жұмыссыз және жұмыс іздеп жүрген адамдар ұсынған 604 түйіндеме берілген, 280 бос орын орналастырылған.

Порталда жұмыс жасау жұмыссыз, жұмыс іздеп жүрген азаматтарға, жұмыс берушілерге жеке кабинет арқылы тек қала бойынша емес, барлық республика бойынша бос орындар, жұмыссыздардың түйіндемесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Жолдауда әлеуметтік саясат азаматтарды толыққанды экономикалық өмірге тарту арқылы жүзеге асырылатыны айтылған. Әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау кезінде басымдылық еңбек жасындағы алушыларды жұмысқа орналастыруда болады.

2018 жылдан бастап халықтың аз қамтылған  тобына атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың жаңа тәртібі енгізілді. Оны көрсету шегі күн көріс деңгейінен 40-тан 50%-ға дейін көтерілді. Еңбекке қабілетті аз қамтылған азаматтар үшін ақшалай көмек олар жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысқан жағдайда қолжетімді болады. Еңбекке қабілетсіз азаматтар үшін мемлекеттік қолдау шаралары күшейтілді.

2018 жылы жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге 10 млн.теңге бөлінді. А.ж. 6 айдың ішінде 4524,2 мың теңге сомада 52 отбасыға (192 отбасы мүшесіне) 235  жәрдемақы тағайындалды. Алушылар қатарынан 22 адам МАӘК тағайындауға құжаттар тапсыру кезінде жұмыссыз болған. Әлеуметтік шарт жасап, МАӘК алушылар құрамына енгізілгеннен кейін 23 адамның барлығы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды: 18 адам жұмысқа орналастырылды, 1 адам қоғамдық жұмыстарға, 4 адам оқыту курстарына жіберілді.

Қаланың азаматтарын жұмысқа орналастыру жұмысын жандандыру мақсатында бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі.

18 мамырда бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге 20-дан астам жұмыс беруші қатысты, 114 бос орындар ұсынылды. Жәрмеңкеге 148 адам қатысты. Жәрмеңке барысында 34 адам жұмысқа орналасу үшін жолдама берілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауында 2018 жылғы 1 шілдеден бастап бала күнінен бері I топ мүгедегі болып табылатын кәмелетке толған мүгедекке күтім жасайтын ата-аналарға қосымша мемлекеттік жәрдемақы енгізу тапсырмасы берілді.

Қазіргі уақытта бөлімнің қызметкерлері аталған жәрдемақыны әлеуетті алушылардын құжаттар қабылдауда. Саран қаласында барлығы бала күнінен бері I топ мүгедегі болып табылатын кәмелетке толған 148 мүгедек тұрады, оның ішінде 96 адам Саран қаласының психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінде тұрады. 1 шілдеге дейін келіп түскен құжаттардың барлығы «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясына тапсырылды.

Жолдаманы іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы ұжымда, сондай-ақ қаланы ұйымдарының еңбек ұжымдарында ұйымдастырылған.

Барлық материалдар бөлімнің сайтына орналастырылады.