ҚАРАҒАНДЫДА: 20°C
  • USD 446.49
  • EUR 475.38
  • RUB 4.79
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

ЖОБАЛАР

Тренингке сұраныс – жоғары

Аталған тренингке тіпті орыстілді қатысушылар да қызығушылық білдіріп, белсенділік танытты. Айта кетейік, бастапқыда ішкі психологиялық кедергілер болды, алайда әрбір әріптің ерекшелігіне мән беріліп, тиімді меңгерудің жолдары қарастырылған соң, бұл мәселе өз шешімін тапты. Жазу дағдысын қалыптастыру үшін тренингке қатысушылар акуты бар әріптерден буын құрап, сөздер жазуға үйренді. Сондай-ақ, бастамаларымен қосымша тапсырмалар орындауға тілек білдіріп, бірқатар тапсырма орындалды. Өлең жолдарын, көлемі шағын мәтіндерді латын графикасында көшіріп жазды.

Шара соңында қатысушылар тренингтің көмегімен сөйлемді еркін жазу деңгейіне дейін жетті.  Тренинг барысында мекеме қызметкерлері тарапынан жаңа әліпбиге қатысты сұрақтар қойылды, алайда емле-ереже шықпағандықтан, бұл мәселе кейінгі тренинг-сабақтарда талқыланатын болады. Тренингке қатысушылар тарапынан мемлекеттік тілді үйренуге ынтасы байқалды. Осы орайда орталық тарапынан болашақта тілдік клуб ұйымдастырылатыны туралы ақпарат берілді.

 



Артқа қайту