


ЖОБАЛАР
«Латынша жазып дағдыланамыз» тренингі жалғасуда
Шара барысында Латын графикасына көшу бойынша оқыту және әдістемелік жұмыс жүргізу бөлімінің меңгерушісі тарапынан латын графикасына көшудің маңызы, оны оқыту мен әдістемелік жұмыстары туралы ақпарат беріліп, түсіндіру жұмысы жүргізілді. Сондай-ақ қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру бойынша тіл саясатымен айналысатын жаңа мекеменің – Ресурстық тіл орталығының ашылғаны туралы да ақпарат берілді.
Одан әрі аталған бөлімнің әдіскері Әсия Смықова «Латынша жазып дағдыланамыз» тренингін ұйымдастырып, шараға қатысушыларға жазу дағдысын қалыптастыру үшін Keyboard бағдарламасын ұялы телефонға енгізу бойынша көмек көрсетілді. Тренинг барысында қатысушылардың тарапынан көптеген сұрақ қойылды. Атап айтқанда, «І́» мен «І»-дің (й), «сһ», «sh» әріптерінің, «У» мен «У́»-дің жазылу емлесіне байланысты бірнеше сұрақ қойылып, әдіскер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап берілді. Тренинг барысында қатысушылар тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Жиналғандар алдағы уақытта аталмыш мекеме мамандарына тағы да осындай тренингтер өткізу туралы өтініштерін жеткізді.
Артқа қайту