ҚАРАҒАНДЫДА: -9°C
  • USD 451.03
  • EUR 487.47
  • RUB 4.94
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

ЖОБАЛАР

Жаңа қазақ әлібиінің емле ережесі таныстырылды

Шараға мемлекеттік мекемелердің тілге жауапты мамандары мен кітапханашылар, БАҚ өкілдері, Тілдерді дамыту бөлімінің басшысы мен мамандары барлығы 35 адам қатысты. Жиында «Бұқар жырау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» басшысы тарапынан баяндама жасалып, қазақ әліпбиіне латын графикасын енгізудің артықшылықтары мен мемлекеттік тіл саясатын одан әрі дамытуға қосатын үлесі жан-жақты түсіндірілді. Аталмыш мәселеге қатысты аудан аумағында өткізілген шараларға талдау жасалды.

Онан әрі «Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ «Ресурстық тіл орталығы» КММ-нің Латын графикасына көшу бойынша оқыту және әдістемелік жұмыс жүргізу бөлімінің меңгерушісі Жұпар Жақанова латын графикасына кезең-кезеңімен көшу, оны оқыту мен әдістемелік жұмыстары туралы ақпарат беріліп, түсіндіру жұмысы жүргізілді. Жаңа қазақ әліпбиінің емле ережесінің жобасы таныстырылып, нақты мысалдар келтіріле отырып, талдау жасалды. Осы бағытта қатысушылар тарапынан «І́» мен «І»-дің (й), «сһ», «sh» әріптерінің, жіңішкелік белгісімен келген сөздердің ált, álternatsyıa, álfa, áltımetr, fákýltet, fólklоr түрінде алғашқы дауыстысының акутпен жазылуына байланысты және ащы, тұщы дегендегі қатар келген [шш] дыбысын білдіретін щ әрпінің латын әліпбиі бойынша шш [ashshy], [tushshy], [keshshe] түрінде жазылуына байланысты сұрақтары көп болып, емле ережесіне байланысты қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Сонымен қоса аталған бөлім әдіскері Әсия Смықова «Латынша жазып дағдыланамыз» тренингі ұйымдастырылып, шараға қатысушыларға жазу дағдысын қалыптастыру үшін Qazaq Keyboard бағдарламасын ұялы телефонға енгізіп,  пернетақтамен жазу үлгісі көрсетілді. Тренинг барысында «Алтын сақа» ойыны ұйымдастырылып, қатысушылар тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.

 



Артқа қайту