ҚАРАҒАНДЫДА: 12°C
  • USD 488.11
  • EUR 530.09
  • RUB 5.01
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

ЖОБАЛАР

ЛАТЫНША ЖАЗЫП, ДАҒДЫЛАНАМЫЗ

Қарағанды облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы «Ресурстық тіл орталығы» КММ-нің бастамасымен өткен тренинг «Достық үйі» ғимаратында өтті. Тренингті Латын графикасына көшу бойынша оқыту және әдістемелік жұмыс бөлімінің меңгерушісі Жұпар Жақанова мен бөлім әдіскері Әсия Смықова жүргізді.

Тренинг өткізудің басты мақсаты қазақ әліпбиін латын графикасындағы әріптердің жазылуына, оқылуына мән беру, психологиялық, физиологиялық дағдыларын қалыптастыру, сауатты жазуға дағдылану. Тренинг барысында қатысушылар белсенділік танытып, латын қарпімен жазуға дағдыланды. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар әдістемелік көмек көрсете отырып, латын графикасын үйренудің тиімді жолдарымен бөлісті.

«Кез келген тілдің әліпбиін меңгеру үшін, әріптердің орналасу тәртібіне, дыбысталу және жазылу ерекшелігіне көп мән беру керек. Сол себепті, әріптерді дыбысталу ерекшелігіне қарай бөліп қарастыру қажет. Әліпбиде негізгі рөлді дауысты дыбыстар атқарады», – дейді Ә.Смықова.

Айта кетейік, «Латынша жазып, дағдыланамыз» тренингі алдағы уақытта да жалғасын тауып, аймағымыздың басқа да мекемелерде өтетін болады.

 



Артқа қайту