ҚАРАҒАНДЫДА: 4°C
  • USD 448.15
  • EUR 483.46
  • RUB 4.86
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

  • 08 Желтоқсан 2023 16:30
    ТІЛ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ТІЛ ТАБЫСУ ӨНЕРІ

    Тіл мәдениетіне қатысты қазан айында жоспарланған тренингтер топтамасы жалғасын тапты. Бүгін Ресурстық тіл орталығының маманы «ҚР ІІМ Қарағанды облысының және Ұлытау облысының мамандандырылған күзет қызметі» басқармасында «Тіл табысу өнері» тақырыбында тренинг өткізді.

  • 05 Желтоқсан 2023 16:30
    Саналы ұрпақ тәрбиесі бүгіннен басталады

    Белгілі қоғам қайраткері Жұмабек Тәшенов атындағы білім ошағында «Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» облыстық форумы аясында біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Сөнбейді, әже, шырағың» атты «Ғибрат» әжелер мектебінің ашық есік күні өтті.

  • 04 Желтоқсан 2023 16:30
    "Мемлекеттік тіл - менің тілім" республикалық форумы

    ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен тілдік негізде кемсітушіліктің кез келген түрлеріне бір уақытта табанды қарсы тұрып, оның алдын алу және болдырмау, сондай-ақ мемлекеттік тілдің одан әрі дамуы мен практикалық қолданылуын ынталандыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында «Мемлекеттік тіл - менің тілім» республикалық форумы өтті.

  • 04 Желтоқсан 2023 16:30
    ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІНІҢ ЖАС ҰРПАҚ ҮШІН ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗЫ ЗОР

    «Алмагүл» бөбекжайында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында қолға алынған «Әжемнің ертегісі» жобасының ашық есік күні өтті. Қазақ халық ертегілеріне баулу арқылы тілдік құзыреттілікті, ұлттық мұраны, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында өткізілген іс-шараға Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Жұпар Жақан қатысып қайтты.

  • 28 Қараша 2023 16:30
    АҚПАРАТТЫҚ САҒАТ ӨТКІЗІЛДІ
    Бүгін №6 жалпы білім беретін мектепте ақпарат беру мақсатында «Латын әліпбиі – мәңгілік елдің рухани жаңғыруы» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.
    Іс-шарада мемлекеттік тіл саясаты, тілді реформалау мәселесі, қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшірудегі мақсатымыз туралы жалпылама ақпарат берілген соң, негізгі тақырып бойынша мына мәселелерге назар аударылды:
  • 24 Қараша 2023 16:30
    КЕЗЕКТІ ОНЛАЙН ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ

    Бүгін Сләмия Саттаров атындағы мектеп-лицей оқушыларына “Латын графикасында оқу және жазу дағдысын қалыптастырамыз” атты тренинг өткізілді.

  • 23 Қараша 2023 16:30
    ТАУҚЫМЕТТІ ТАҒДЫР ТАРИХҚА АЙНАЛҒАН ТҰЛҒА

    Бүгін Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткері Жанайдар Сәдуақасовтың 125 жылдығына орай танымдық кездесу кеші ұйымдастырылды.

  • 22 Қараша 2023 16:30
    Тілші - ғалымның 95 жылдығына орай сайыс өткізілді

    Бүгін көрнекті тілші-ғалым, синонимдер сөздігінің атасы – Әсет Болғанбайұлының 95 жылдығына орай ғалымның мерейтойына үлес қосып, жас ұрпаққа мұра етіп қалдырған еңбектерін насихаттау мақсатында №23 жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында Ресурстық тіл орталығының бастамасымен «Ұшқыр ой» атты командалық сайыс өткізілді.

  • 21 Қараша 2023 16:30
    ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІ

    Бүгін «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатының оқушыларына «Латын графикасында оқу және жазу дағдысын қалыптастырамыз!» тақырыбында тренинг өткізілді.   Алдымен жетілдірілген әліпби жобасы көрсетілген парақшалар таратылып, қатысушылар үшін негізгі тақырыпқа кіріспе кезеңі ұйымдастырылды.

  • 16 Қараша 2023 16:30
    АЛАШ АРДАҚТЫСЫ ҰЛЫҚТАЛҒАН ІС-ШАРА

    Бүгін “Ұлттық руханият және Жүсіпбек Аймауытұлы мұрасы” тақырыбында Ресурстық тіл орталығы мен Ә. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі бірлескен танымдық сағат өткізілді.

Страницы: 1234567