ҚАРАҒАНДЫДА: 28°C
  • USD 475.03
  • EUR 517.21
  • RUB 5.44
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

«Чипси мен шибауырсақ» атты жинақтың тұсаукесері

19 Маусым 2024 17:30

Сүйінші!!! Бүгін әріптесіміз Жұпар Рысқұлқызының өскелең ұрпағымыз - балаларға арналған «Чипси мен шибауырсақ» атты жинағының тұсаукесері өтті. Балалар әдебиетіне арналған төл туындысының таныстырылымы Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында өткізілді. Іс-шараға кітапхана ұжымы, тіл жанашырлары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Төл туындының тұсауын ҚР білім беру ісінің үздігі, тіл жанашыры Смағұлова Ғазиза Ғабдоллақызы, Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының директоры Уатаева Баян Қуанышқызына бұйырды. Тұсаукесерге арнайы шақырылған кішкентай бүлдіршін қонақтары арасында «Сұраққа жауап беріп, кітап ұтып ал!» ойыны ойнатылып, үш оқырманға кітап сыйға тартылды.

Бұл әңгімелер жинағы автордың жас ұрпақ бойында адами, ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға қосар үлесі шексіз екендігіне сеніміміз зор.

Әріптесіміз, тіл жанашыры, Жұпар Рысқұлқызына шығармашылық табыс тілей отырып, әлі де жазарыңыз көбейе беруіне тілектеспіз.

 










Артқа қайту