
E-mail
resurs_til@mail.ru

Мекенжайы
Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4

Байланыс телефоны
+7 (7212) 78-04-09
+7 (7212) 78-10-86
Жаңалықтар
“АУДАРМА ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИ ТІЛ НОРМАСЫ”
26 Сәуір 2024 17:30Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының ұйымдастыруымен Герольд Белгерьдің 90 жылдығына арналған мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, ілеспе аудармашылардың біліктілігін арттыру мақсатында «Ілеспе аударманың өзекті мәселелері» атты біліктілікті арттыру курсы өз мәресіне жетті. Курс барысында «Аударма тілі және әдеби тіл нормасы» тақырыбында жазбаша және ауызша аударманың ерекшеліктері, аударма саласындағы озық тәжірибелермен бөлісу мәселелері қарастырылып, курсқа қатысушыларға оқу-әдістемелік көмек көрсетілді. Сондай – ақ мамандар өз салалары бойынша бүгінгі күнгі қиыншылықтарымен бөлісіп, ой-пікірлерімен алмасқан семинар болғанын да тілге тиек етті.