ҚАРАҒАНДЫДА: 16°C
  • USD 441.80
  • EUR 480.02
  • RUB 4.88
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

ІЛЕСПЕ АУДАРМАНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

22 Сәуір 2024 17:30

Бүгінгі күні Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, ілеспе аудармашылардың біліктілігін арттыру мақсатында «Ілеспе аударманың өзекті мәселелері» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы басталды. Курс барысында аударма теориясы, жазбаша аударма мен ауызша аударманың ерекшеліктері, оқу-әдістемелік көмек көрсету және аударма саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісу мәселелері қарастырылады.

Осы іс-шараның алғашқы күніндегі дәрісті Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, жазушы аудармашы Әлпейісова Камал Әбілқасымқызы жүргізіп отыр. Қозғалатын мәселелер ілеспе аударма жасаудың теориялық және практикалық негіздері, аударманың түрлері, оның тұлғаны қалыптастырудағы әсері төңірегінде болмақ. Әр ісіміз берекелі, нәтижеге қол жеткізер, тұщымды ой-пікірлерге толы болса, мемлекеттік тіліміздің де мәртебесі биік болары сөзсіз.

 

 










Артқа қайту