ҚАРАҒАНДЫДА: -9°C
  • USD 511.18
  • EUR 530.60
  • RUB 5.28
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

ЕКІЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

31 Қаңтар 2024 17:30

  Осы орайда «Қасым үйінде» айта қаларлықтай іс-шара өтті. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы 5451 әскери бөлімі» РММ мен «Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығы» КММ өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Іс-шараға 5451 әскери бөлімі командирінің ТжӘҚЖ жөніндегі орынбасары Ө.Ғабит, мемлекеттік тілге жауапты маман А.Берікбаева және әскери сарбаздар, ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының өкілі М.Жексенай, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы С.Әбеуова, Ресурстық тіл орталығы директоры Б.Даулбаева және орталық мамандары, «Шырақ» тілдерді оқыту орталығының директоры Ә.Смықова қатысты.

Алдағы уақытта тараптар арасында еліміздің ұлттық құндылығы, қазақ мәдениетінің қазығы болып табылатын қазақ тілін дамытуға жан-жақты және барынша ықпал жасау, қазақ елінің тарихын, салт-дәстүрін, мәдениетін, әдебиетін және рухани жетістіктерін кеңінен насихаттау жұмысы бойынша бірлескен іс-шаралар жүзеге асырылмақшы.

 










Артқа қайту