ҚАРАҒАНДЫДА: -9°C
  • USD 511.18
  • EUR 530.60
  • RUB 5.28
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

"ҚАЗАҚТЫҢ НАҚЫЛЫ - ҰРПАҒЫНА АЙТҚАН АҚЫЛЫ"

29 Қаңтар 2024 17:30

Аталмыш білім ордасымен осы уақытқа дейін өткізілген іс-шаралар барысындағы рухани үрдіс жалғасын тапты.

Білім ошағының 10, 11-сынып оқушыларының басын қосқан іс-шараның шымылдығы талантты бүлдіршіндердің «Ақ дариға» әнімен ашылды. Одан кейін Ресурстық орталықтың директоры – Бибігүл Сәдуқызы іс-шараның мақсаты мен міндетін таныстырып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сайысқа «Самға», «Үміт», «Барыс» командалары қатысып, Ресурстық тіл орталығы мен мектеп әкімшілігінен тұратын қазылар алқасы төрелік етті. Сайыс «Сәлемдесу», «Ойлан тап», «Ой ашар», «Кім жүйрік?» атты төрт кезең бойынша ұйымдастырылып, әртүрлі форматта қазақтың мақал-мәтелдеріне қатысты тапсырмалар берілді.

Оқушылар сайыс барысында белсене қатысып, қызу тартысты бәсекеде бақ сынасты. Сондай-ақ №23 мектептің талантты оқушылары сайыс арасында өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлап, қатысушыларды шабыттандырды.

Іс-шара соңында қатысушылар, бүгінгі іс-шара туралы өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, осындай іс-шаралар жалғасын тапса деген тілектерін де жеткізді.

Орталықтың бөлім меңгерушісі, алқа төрағасы – Жақан Жұпар сайыс қорытындысын жариялап, орталық атынан жеңімпаздарды I, II, III дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Аталған білім ошағымен ынтымақтастық байланысымыз алдағы уақытта да жалғасын табары сөзсіз.

 










Артқа қайту