ҚАРАҒАНДЫДА: -9°C
  • USD 451.03
  • EUR 487.47
  • RUB 4.94
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

КІТАПХАНАДА ТРЕНИНГ ӨТТІ

26 Қаңтар 2024 17:30

Жаңа нұсқаны таныстырмастан бұрын жазу тарихы туралы қысқаша түсінік беріліп, қазақ жазуына реформа жасап, әліпбиді ауыстыру заман талабына сай қажеттіліктен туындап отырғаны түсіндірілді. Тренинг барысында:

  • латын әліпбиіне көшудің мақсаты мен тиімділігі түсіндірілді;
  • жетілдірілген әліпбидің ерекшелігі таныстырылды;
  • төл әріптестеріміздің таңбалануы көрсетілді;
  • өзгеріске ұшыраған әріптерге түсініктеме беріліп, арнайы дайындалған тапсырмалар мен жаттығулар орындалды;
  • қатысушылар ұлы тұлғалардың қанатты сөздерін латын әліпбиінде оқыды.

 Оқушылар тренинг соңында берілген ақпаратты пысықтау мақсатында жазылым дағдысын қалыптастыруға бағытталған «Оңай оқыңыз!», «Мақал-мәтелді жалғастырыңыз» тапсырмаларын орындады. Сондай-ақ «Латын-караоке» жобасы бойынша «Есіңе мені алғайсың» әнін орындап, кері байланыс жасады. Кітапхана әкімшілігі өзекті мәселе бойынша тренинг өткізген орталық тренерлеріне алғыстарын білдірді.










Артқа қайту