ҚАРАҒАНДЫДА: -12°C
  • USD 461.37
  • EUR 502.62
  • RUB 6.69
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

АЛАШ АРЫСТАРЫ ЖӘНЕ ҰЛТ ҰСТАЗЫ

14 Желтоқсан 2022 17:30

Кездесуге Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Смағұлов Жандос Қожахметұлы және тарихшы-ғалым, журналист «Орталық Қазақстан» газетінің қызметкері Төлеу Ерғазы Қадашұлы арнайы қонақ ретінде шақырылды.

Іс-шара барысында кеш қонақтары мына төңіректе ойларын ортаға салып, тарихшы-ұстаздарға үлкен міндет жүктеді:

Алаш арыстары мен кейбір кеңесшіл қоғам қайраткерлерінің ұлтқа бірдей дәрежеде адал қызмет еткені;

Еліміздің шегарасын шегендеудегі алаш қайраткерлерінің рөлі;

Белгілі тұлғалардың ұлттық руханияттан алатын орны;

ХХ ғасырдың басынан бастап бертінге дейінгі кезеңдегі қазақ тарихындағы ақтаңдақтар, айтылмаған ақиқат және осы тарихты болашақ ұрпаққа жеткізу мәселесі.

«Алаш айлығы», А.Байтұрсынұлының 150 жылдығы және алда келе жатқан Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған кездесу кеші көпшілікке ой салғаны да, қатысушылардың өзіне қажетті құнды ақпараттар алғаны да анық.

Қасым үйінің ғимаратында өткен кездесуде ұйымдастырушы тарап ретінде осындай тұжырымға келдік.

 










Артқа қайту