ҚАРАҒАНДЫДА: -14°C
  • USD 468.98
  • EUR 493.74
  • RUB 7.59
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

ТІЛДІК ЗАҢДЫЛЫҚ ЖАЗУ АРҚЫЛЫ РЕТТЕЛЕДІ

10 Қараша 2022 17:30

Жазу қай заманда да маңызды рөл атқарады. Мәселен, көне ескерткіштердегі жазбалар арқылы өткеніміз бағамдалатыны белгілі. Ал жаһандану дәуірінде тілімізді барша бояуымен, ұлттық нақышымен сақтап қалу мықты әліпбиге қойылатын талаптарға барынша сай келетін жазу арқылы жүзеге аспақ. Бұл ретте ондай әліпбидің қызметін латыннегізді әліпби атқармақ.

Жаңа әліпби жобасы заңды түрде бекімегенмен, насихаттап, халыққа түсіндіру жұмысы жалғасып жатыр. Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі тарапынан да осы мәселеге қатысты семинар-тренинг жоспарланған еді. Аталған шараға Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі арнайы қатысып қайтты.

Семинар барысында Жұпар Рысқұлқызы Қазақстандағы тіл саясатының жүзеге асуы мәселесін көтеріп, тіл мәртебесін көтеру бағытында қолға алынған жұмыстарға тоқталды. Одан әрі семинар тақырыбына ойысып, латыннегізді қазақ графикасына қатысты ақпараттар берді. Сондай-ақ Ресурстық тіл орталығы тарапынан қолға алынған жобаларға тоқталып, жазу және оқу дағдысын қалыптастыруға арналған тапсырмалармен тренинг өткізді.

Іс-шараға қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, тіл жанашырлары қатысты. Семинар-тренинг соңында қатысушыларға сертификат табысталды.










Артқа қайту