ҚАРАҒАНДЫДА: 4°C
  • USD 448.15
  • EUR 483.46
  • RUB 4.86
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БАЙЛАНЫС АЯСЫНДА СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

05 Қараша 2022 16:30

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырып, қолданыс аясын арттыру үдерісінде бірлескен шаралардың маңызы зор. Осы орайда Түркістан облысының мәдениет басқармасы және Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығы «Ересектерге тіл оқытудағы инновациялық әдіс-тәсілдер» тақырыбында бірлесе семинар өткізді.

2022 жылғы 3 қарашада жоспарланған іс-шараға орталықтың бөлім меңгерушісі Жұпар Жақанова қатысып, «Қазақ тілінің қолданыс аясын арттыру: инфрақұрылымдар мен тілдік ресурстар», сондай-ақ «Тілді бағалау жүйесі және Қазтест» тақырыптарында баяндама жасап қайтты.

Семинарға Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Бекжігіт Сердәлі модераторлық етті. Арнайы баяндамашылар қатарында аталған оқу орындарының ғалымдары мен НЗМ Педагогикалық шеберлігі орталығының менеджері қатысып, төмендегідей мәселелер ортаға салынды:

- тілдік ресурстар мен инфрақұрылымдардың қайнар көзі;

- тіл үйретуде интербелсенді сервистерді қолданудың тиімділігі;

- грамматиканы қатысымдық негізде оқытудың ерекшелігі;

- тіл және мәдениет мәселесі.

Ынтымақтастық аясында қолға алынған іс-шараға аудандық және қалалық тілдерді оқыту орталықтарының әдіскерлері, мектеп мұғалімдері, Шымкент қаласы тілдерді оқыту орталығының өкілдері, барлығы 150 адам қатысты. Сондай-ақ Халықаралық қазақ тілі қоғамы Түркістан облысындағы филиалының төрағасы арнайы қатысып, семинар жұмысына сәттілік тілек, жылы лебізін білдірді.

P.S. Осындай өңіраралық байланыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

 

 










Артқа қайту