ҚАРАҒАНДЫДА: 4°C
  • USD 448.15
  • EUR 483.46
  • RUB 4.86
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

01 Тамыз 2022 16:30

Бүгін Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығы тарапынан әдістемелік семинар өткізілді. Семинарға «Шырақ» тілдерді оқыту орталығының және Ресурстық тіл орталығына енді жұмысқа тұрған жас оқытушылары қатысты.

Семинар барысында қатысушыларға мемлекеттік тілді оқытудың әдістемелік мәселелері туралы егжей-тегжейлі айтылып, толық түсінік берілді. Атап айтқанда тілді оқытуда сүйенетін басты құжат – Ұлттық Стандарттан бастап, қазақ тілін білу деңгейін бағалау құралы – Қазтест жүйесі, қазіргі қолданыстығы оқыту бағдарламалары, «Сарыарқа-2» оқу-әдістемелік кешені таныстырылды. Сондай-ақ оқыту курстарын ұйымдастыруда ескерілетін кейбір мәселелер де назардан тыс қалмады. Іс-шара соңында қатысушылар сұрақ қойып, сұрақтарына толық жауап алды.

 










Артқа қайту