ҚАРАҒАНДЫДА: 21°C
  • USD 447.40
  • EUR 477.55
  • RUB 4.76
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ҰЛЫҚТАЛДЫ

14 Шілде 2022 16:30

13 шілде ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы 6505 әскери бөлімінде Өңірлік қолбасшылықтың әскери мамандары арасында әскери қызметшілердің мемлекеттік тілді меңгеруге деген оң көзқарасын қалыптастырып, ынталандыру, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқауы ұйымдастырылды. Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Жұпар Жақанова аталған байқаудың қазылар алқасының құрамында болып, сайысқа қатысушылардың мемлекеттік тілді білу деңгейін сараптан өткізу жұмысына қатысып қайтты.

Байқауға Көкшетау, Нұр-Сұлтан, Степногорск, Қостанай, Теміртау, Петропавловск, Қарағанды Өңірлік қолбасшылығының мамандары қатысып, бақ сынады.

Байқаудан кейін Өңірлік қолбасшылықтың тілге жауапты мамандарына латын графикасының жетілдірілген нұсқасы бойынша семинар ұйымдастырылды.

Жұпар Рысқұлқызы семинарға қатысушыларға жаңа графикаға қатысты барлық жаңалықты егжей-тегжейлі түсіндіріп, сұрақтарына жауап берді. Ресурстық тіл орталығы тарапынан латынға қатысты қолға алынған жобалармен таныстырды. Алдағы уақытта бұл бағытта сала мамандарына әдістемелік көмек көрсетілетін болады.

 










Артқа қайту