ҚАРАҒАНДЫДА: 4°C
  • USD 448.15
  • EUR 483.46
  • RUB 4.86
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

ӨҢІР МАМАНДАРЫНА АҚПАРАТТЫҚ САҒАТ ӨТКІЗІЛДІ

01 Шілде 2022 16:30

2022 жылғы 1 шілдеде Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының бастамасымен өңірдегі латынға жауапты әдіскерлер мен тіл мамандарына «Географиялық атаулардың латын графикасында жазылу емлесі» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді. Аталмыш шара Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының өндірістік семинарында талқыланған латын графикасында экзонимдерді беру жолдарын өз өңіріміздің мамандарына түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.

Ақпараттық сағатта экзонимдерді берудің негізгі қағидалары туралы айтылды. Бұл мәселенің өз өңіріміздегі ономастикалық атаулардың жазылуына да қатысы бар екені анық. Бұрыннан бұрмаланып жазылған атаулардың латын графикасында берілуі, айтылуы, аударылуы, басқа атау беру сияқты мәселелер төңірегінде өңір мамандары өз пікірлерін білдірді. Дәлірек айтқанда, жезқазғандық және нұралық әріптестерден алдағы уақытта көпшілік аудиторияға осы мәселені түсіндіру үшін іс-шаралар ұйымдастырылатыны және оған Орталық мамандарынан әдістемелік көмек күтетіндері туралы айтылды.

Еліміз жаңа әліпбиге көшкенде әр өңірдегі мамандар барлық жаңалықтан нақты хабардар болғанда ғана әліпби дұрыс насихатталмақ. Осы орайда латын графикасына қатысты тілдік мәселелер мен негізгі жаңалықтар Ресурстық тіл орталығы тарапынан өз өңіріміздің мамандарына үнемі түсіндіріліп, жеткізіліп отырады.

 

 










Артқа қайту