ҚАРАҒАНДЫДА: 9°C
  • USD 449.58
  • EUR 486.94
  • RUB 4.86
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

ЕҢ КІШКЕНТАЙ ТІЛ ҮЙРЕНУШІЛЕРГЕ ЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ

17 Маусым 2022 16:30

2022 жыл – Балалар жылы аясында Ресурстық тіл орталығы тарапынан мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру бағытында тағы бір игілікті іс қолға алынды. Абай ауданы Агрогородок ауылындағы қазақ тілі пәні мұғалімінің сұранысы негізінде ең кішкентай тіл үйренушілерге ойын түрінде жарыс өткізілді.

Мектеп лагеріне барып жүрген 3-4 орыс сыныбының оқушылары ойын барсында белсенділік танытты. Мемлекеттік тілді қаншалықты дәрежеде меңгергенін көрсетті. «Көңілді түстер» тақырыбына арналған ойында балалар түстермен сөз тіркестерін және сөйлем құрауға тырысты, сондай-ақ түрлі тапсырмаларды жарыса орындап, соңында достық жеңді.

Шара өте көңілді, тартысты әрі танымды болды. Қазақ тілінің дамуына сүбелі үлес қосып жатқан Абай ауданы Агрогородок селосының Мичурин негізгі орта мектеп мұғалімдеріне Ресурстық тіл орталығы тарапынан алғыс білдіреміз!

Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

 










Артқа қайту