ҚАРАҒАНДЫДА: 4°C
  • USD 448.15
  • EUR 483.46
  • RUB 4.86
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

15 Маусым 2022 16:30

2022 жылғы 15 маусымда Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Ресурстық тіл орталығының маманы ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының мемлекеттік қызметшілер үшін ұйымдастырған біліктілікті арттыру курсында «Көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті» тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріс барысында сөйлеу мәдениетіне қойылатын негізгі талаптар кеңінен түсіндірілді. Сөйлейтін сөздің құрылымынан бастап, тіл байлығы, сөйлеудегі ым-ишараттың орны, эмоцияны басқару, сөйлеу дағдысын қалыптастыру жолдары, сөйлеуге дайындық жасау мәселелері де назардан тыс қалмады. Белгілі шешендердің ақыл-кеңестері таныстырылды. Қатысушылар спикермен сұрақ-жауап алмаса отырып, тақырып аясындағы практикалық тапсырмаларды орындады.

Курсқа облыстың аудан-қалаларынан түрлі салада қызмет етіп жүрген мемлекеттік қызметшілер қатысты.

 










Артқа қайту