ҚАРАҒАНДЫДА: 4°C
  • USD 448.15
  • EUR 483.46
  • RUB 4.86
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

БАЙҚАУ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

13 Маусым 2022 16:30

Бүгін 2022 жыл – Балалар жылына орай ұйымдастырылған «Бүлдіршінге жыр арна» облыстық онлайн байқауы қортындыланды. Байқау 3-4 жастағы бүлдіршіндер үшін оңай ұйқасқа құрылған өлең, ән, тақпақ контентін көбейту мақсатында ұйымдастырылды. Негізгі мақсатқа сәйкес авторларға бірнеше шарт қойылды: өлеңнің бір жолы 2-3 сөзден аспайтын, түрлі мерекелік тақырыптарға арналған, ойнақы, жеңіл ұйқасқа құрылған болу керек еді.

Аталмыш байқауға біздің өңірден ғана емес, республикамыздың басқа да өңірлерінен, атап айтқанда, Шығыс Қазақстан, Ақмола облысы, Ұлытау облыстарынан қатысып, бақ сынады.

Қазылар алқасының шешімімен төмендегі қатысушылар жеңімпаз ретінде танылып, естелік сыйлықтармен марапатталды:

І дәрежелі Диплом – Булжанов Оралбек Рабилович (ШҚО, Күршім ауданы) ;

ІІ дәрежелі Диплом – Ернұр Сейдахмет (Жезқазған қаласы);

ІІІ дәрежелі Диплом - Мухаммеджанова Нұргүл Рамиловна (Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы);

Арнайы номинация – Әйгерім Бейсембай (Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, 9 сынып оқушысы).

Қалған қатысушыларға Алғысхат табысталды.

P.S. Байқау жеңімпаздарының және басқа да авторлардың балабақшаға арналған өлеңдері мен әндері, ертегілері жинақталып әлеуметтік желілерге, Ресурстық тіл орталығының ресми сайтына (Resurstil.kz) орналастырылады, білім бөлімі арқылы балабақшаларға электронды кітапша ретінде жолданады.

 










Артқа қайту