ҚАРАҒАНДЫДА: 20°C
  • USD 446.49
  • EUR 475.38
  • RUB 4.79
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

ӘСКЕРИЛЕР «ҚАЗТЕСТ» ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАДЫ

10 Маусым 2022 16:30

2022 жылғы 10 маусымда  Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 6505 әскери бөлімінде әскерилердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау мақсатында «Қазтест» бөліктері бойынша тестілеуге арналған іс-шара ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Ресурстық тіл орталығы тарапынан әдістемелік көмек көрсетілді. Орталықтың бөлім меңгерушісі Жақанова Жұпар Рысқұлқызы алдымен «Қазтест» жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтар туралы қысқаша ақпарат берді.  Сонымен қоса мемлекеттік тілді «Қазтест» бойынша тестілеудің мақсаты-міндетін түсіндірді.

Негізгі сұрақтар талқыланғаннан кейін қатысушыларға «Оқылым» және «Лексика-грамматикалық»» бөліктердің тест тапсырмасы берілді. Белгіленген уақыт ішінде 80 адам тест сұрақтарына жауап берді.   

Іс-шара соңында  ұйымдастырушы тарап әдістемелік көмек көрсеткені үшін Жұпар Рысқұлқызына ризашылық білдіріп, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 6505 әскери бөлімі командирінің Алғысхатымен марапаттады.

Екіжақты ынтымақтастық байланыс алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

 










Артқа қайту