ҚАРАҒАНДЫДА: -9°C
  • USD 451.03
  • EUR 487.47
  • RUB 4.94
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

  • 28 Ақпан 2024 17:30
    «Сауатты жарнама-сауатты кәсіпкер» акциясы

    2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Көрнекі ақпарат пен жарнама тілін біріздендіру» әлеуметтік жобасын іске асыру аясында Қарағанды қаласында «Сауатты жарнама-сауатты кәсіпкер» акциясы өтуде. Кез келген көрнекі ақпарат, оның ішінде сіздің тауарыңыз бен қызметіңіз туралы жарнамалар немесе хабарландырулар тіл және жарнама туралы заңнама талаптарын сақтай отырып ресімделуі тиіс екендігіне назар аударамыз.

  • 20 Ақпан 2024 17:30
    МЕМОРАНДУМ АЯСЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ІС-ШАРА

    Биылғы жылы қолға алынған меморандум аясында бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы 5451 әскери бөлімінде «Латын графикасында оқу және жазу дағдысын қалыптастырамыз» атты тақырыпта тренинг ұйымдастырылып, өткізілді.

    Тренинг барысында жетілдірілген әліпби нұсқасы таныстырылып, қазақ жазуын латын әліпбиіне көшірудің мақсаты түсіндірілді. 

  • 15 Ақпан 2024 17:30
    ЖЕТІЛДІРІЛГЕН ӘЛІПБИ ЖОБАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

      Бүгін Қарағанды қаламыздағы №74 жалпы білім беретін мектеп оқушыларына «Латын графикасында оқу және жазу дағдысын қалыптастырамыз!» тақырыбында тренинг өткізілді.

      Алдымен қазақ жазуының тарихына кіріспе ретінде бейнеролик көрсетілді. Жетілдірілген әліпби жобасы көрсетілген парақшалар таратылып, қатысушылар үшін таныстырылым жасалды.

  • 31 Қаңтар 2024 17:30
    ЕКІЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

    Тіл – қай елде болмасын қастерлі әрі рухани құндылық. Мемлекеттік тілдің ұлт пен ұлтты жақындастырып, өзара ынтымақтастықты арттыратын рөлін күшейту – баршамыздың міндетіміз. Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде Қазақстан халқын ұйыстыратын ең басты символға айналуға тиіс.

  • 29 Қаңтар 2024 17:30
    "ҚАЗАҚТЫҢ НАҚЫЛЫ - ҰРПАҒЫНА АЙТҚАН АҚЫЛЫ"

       Жас ұрпаққа мақал-мәтел арқылы халық даналығын жеткізу – ата-бабамыздан күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан дәстүріміз. Осы орайда мақал-мәтелдің тәрбиелік мәнін насихаттау мақсатында №23 жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында облыстық Ресурстық тіл орталығының бастамасымен «Қазақтың нақылы – ұрпағына айтқан ақылы» атты топтық сайысы өткізілді. 

  • 26 Қаңтар 2024 17:30
    КІТАПХАНАДА ТРЕНИНГ ӨТТІ

       Абай атындағы балалар кітапханасы мен Ресурстық тіл орталығы арасында басталған ынтымақтастық байланыс аясында кезекті іс-шара өткізілді. Бүгін кітапхана мамандары «Латын графикасында оқу және жазу дағдысын қалыптастырамыз!» тақырыбындағы тренингке қатысып, жетілдірілген әліпби нұсқасы туралы қосымша ақпарат алды.

  • 25 Қаңтар 2024 17:30
    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ТҰЖЫРЫМДАМАНЫ

        Бүгін Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының сұранысы негізінде Тіл басқармасының Ресурстық орталығы инспекция мамандарына «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын» түсіндіруге арналған семинар өткізді.

  • 24 Қаңтар 2024 17:30
    ҚАЛАМГЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

    Бүгін Жайық Бектұров атындағы жасөспірімдер кітапханасы мен Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығы Саттар Ерубаевтың 110 жылдығына орай «Саттар Ерубаев – замана жыршысы» тақырыбында бірлескен әдеби кеш өткізді.

  • 15 Қаңтар 2024 17:30
    ЛИЦЕЙ ОҚУШЫЛАРЫНА ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ

    Бүгін №66 мектеп-лицейінің оқушыларына «Латын графикасында оқу және жазу дағдысын қалыптастырамыз!» тақырыбында тренинг өткізілді. Алдымен жазу тарихы туралы қысқаша түсінік беріліп, қазақ жазуына реформа жасап, әліпбиді ауыстыру заман талабына сай қажеттіліктен туындап отырғаны түсіндірілді. 

  • 12 Қаңтар 2024 17:30
    БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫМЕН БАЙЛАНЫС ОРНАДЫ

    Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында балаларға арналған қазақтілді контенттің үлесін және тіл мәдениетін арттыру мәселесі көтерілген.

Страницы: 12345