ҚАРАҒАНДЫДА: 4°C
  • USD 448.15
  • EUR 483.46
  • RUB 4.86
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Республика жаңалықтары

02 Желтоқсан 2021 15:26
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды

Еліміздегі эпиджағдай

Қазақстанда өткен тәулікте 952 адам коронавирус індетінен емделіп шықан. Бір тәуліктің ішінде коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 54 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелген. 2 желтоқсандағы мәлімет бойынша, коронавируске қарсы вакцинаның I компонентін 8 748 448 адам, II компонентін 8 114 076 адам салдырған. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, «Pfizer» вакцинасының I дозасын салдырған адам саны 99 186-ға жеткен. Оның ішінде, жасөспірімдер – 78 567, жүкті әйелдер – 6 348, бала емізетін әйелдер – 14 271 адамды құрайды.

Әлемдегі эпиджағдай

Әлемде COVID-19 коронавирусын жұқтырудың тіркелген жағдайларының саны 263 миллионнан асқан. Вирустың таралуы басталғаннан бері әлемде коронавирус жұқтырғаннан кейін 5 миллион 224 мың 178 адам қайтыс болған. коронавирус инфекциясының 20 миллионнан астам жағдайы бар елдер қатарына АҚШ, Үндістан және Бразилия кіреді.

АҚШ жұқтырғандар мен қайтыс болғандардың саны бойынша көшбасшылықты сақтап тұр. Онда 48 миллион 692 мың 492 коронавирус жұқтырғаны анықталған. Өлім саны 782 мың 100 құрайды.

Вирус жұқтырғандар саны бойынша екінші орынды Үндістан алады. Онда расталған жағдайлардың саны 34 миллион 606 мың 541-ге жеткен. Елде вирус жұқтыру салдарынан қайтыс болғандардың саны 469 мың 724 адамға дейін өскен.

Коронавирустың таралуы бойынша әлемде үшінші орында Бразилия мемлекеті. Онда пандемия кезінде 22 миллион 105 мың 872 жағдай тіркелген. Оның ішінде 614 мың 964 адам қайтыс болған. Бүкіл әлемде коронавирус вакциналарының енгізілген дозаларының саны 8 миллиардтан асқан.

Маңызды әлемдік оқиғалар бойынша статистикаға мамандандырылған Worldometer порталының мәліметтері бойынша, бүгін әлемнің 1 миллион тұрғынына өлім-жітім коэффициенті 672,5 құраған. АҚШ — та 1 миллион тұрғынға 2 мың 412 адам, Үндістанда — 336, Бразилияда-2 мың 865 адам қайтыс болған.

Омикрон әлемнің 20 мемлекетінен табылған

Қазіргі таңда коронавирустың жаңа «омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекеттен табылған. Омикрон штамы Оңтүстік Африка Республикасының ғалымдары тапқан уақытта бір аптадан астам уақыт ішінде әлемге таралып жатқаны белгілі болды. Содан бері көптеген елдер Оңтүстік Африкаға азаматтарын сапарлап баруға тыйым салды. Осы елмен әуе қатынасын көптеген ел тоқтатты. Соңғысы 2-15 желтоқсан аралығында ұшақ қатынасына тыйым салған Испания болды. Алайда ДДСҰ «халықаралық сапарларға толығымен тыйым салу коронавирустың таралуын тоқтата алмайды» деп санайды. Көптеген елдер мүмкіндігінше вакцинация бағдарламасын көбірек қамтуға ерекше назар аударып жатыр. Мысалы, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон қаңтар айының соңына дейін барлық ересектерді ревакциналау мерзімін белгіледі. 11 желтоқсанға дейін жалпыхалықтық локдаунды ұзартқан Аустрия сияқты елдер ірі көлемде айыппұл салу арқылы халықты вакциналауға міндеттеуге кірісті. Грекияда мұндай шаралар тек 60 жастан асқан адамдарға ғана қатысты болмақ. Үшінші екпені алмағандар 16 қаңтардан бастап ай сайын мемлекетке 100 еуро төлейді. Алайда «жаңа штамм қолданыстағы вакциналардан басым түседі» деген қауіп басым. Жақында бұрын Moderna биотехнология компаниясының бас директоры Стефан Бансель олардың Омикронға қарсы тиімділігіне күмән келтірді. Оның айтуынша, жаңа штамға қарсы вакциналар жасау үшін бірнеше ай қажет.

Сеулде коронавирус жұқтырушылардың тәуліктік көрсеткіші рекордтық деңгейге жетті

Сеулде COVID-19 жұқтырушылардың тәуліктік көрсеткіші рекордтық деңгейге 2268-ге жетті, екінші күн қатарынан олардың саны 2000-нан асқан. Ауруды бақылау жөніндегі орталық басқарма мәліметінше, сәрсенбі күні тіркелген жағдайлардың 2262-сі – «жергілікті», болса, алтауы – «сырттан келген». Сеулде коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайларының күн сайынғы саны 1000-нан алғаш рет 24 қыркүйекте асқан болатын, ол кезде 1221 науқастан коронавирус анықталған болатын.

Австрияда вакцинадан бас тартқандар жауапқа тартылады

Ұлыбританияда билігі COVID-19 «омикрон» жаңа штамының таралуына байланысты көліктерде, дүкендерде, банктер мен шаштараздарда міндетті түрде маска кию талабын қайта енгізді. Австрияда ақпан айынан бастап вакцинадан бас тартқан адамдарға айыппұл салу жоспарлануда. Екпе алудан жалтарғаны үшін айыппұл көлемі €7,2 мыңға дейін, ал төлемнен бас тартқан жағдайда 4 айға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылатын болады.