В КАРАГАНДЕ: 9°C
  • USD 449.58
  • EUR 486.94
  • RUB 4.86
Для слабовидящих
Карта
Адрес ул. Габидена Мустафина 6/4
Телефон
Телефон +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Статьи

«Жаңа әліпби – болашақ негізі» Т.З. Бағдатұлының мақаласы

05 Марта 2020 14:40

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында  — қазақ тілін латыннегізді  төл әліпбиімізге көшіру мәселесі қозғалып, қоғам болып қолдап, жаңа әліпбиді насихаттау, үйрету жұмыстары басталып та кетті. Бұл тұрғыда жастар арасында әлеуметтік желілерде, хат алмасқанда, сайттарда аты-жөндерін немесе белгілі бір атауларды латын қарпінде жазу сәнге айналып кетті. Жалынды жастар арасында латынға негізделген жазу үлкен қолдау тауып отыр. Себебі, ағылшын тілін, интернет, компьютер, ұялы телефон, түрлі жаңа техникаларды меңгерген жастарымызға латын қарпі аса қиындық тудырмасы анық. Бұл жастарымыздың жаңалыққа дайын екенін және еш қиындықсыз жаңа графиканы қабылдай алатындығын көрсетеді. Демек, ел ағалары сенген жастар үмітті ақтауға әзір.

Латыннегізді әліпбиімізді бүгінгі таңда тіл жанашырлары, филолог-мамандар, ғалымдар талдап, таразылап жатыр. Қарағанды облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың латыннегізді қазақ әліпбиін жетілдіруге қатысты тапсырмасына сәйкес, Ұлттық комиссия отырысында қаралған әліпби нұсқаларын жоғары оқу орындарының филолог-ғалымдары, қалалық, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің мамандары, Тілдерді оқыту орталықтарының әдіскерлері мен оқытушылары, колледждер мен мектептердің педагогтерімен талдау, талқылау өтті. Бұл отырыста әліпбидің бірнеше нұсқалары қаралып, ғалымдар өз пікірлерін білдіріп, ойларын ортаға салды. Мұндағы көпшілік мамандар қолданылатын бірнеше диакриттік таңбалардың таңсық еместігін, умлаут диакритикалық таңбасы бар нұсқаның дұрыстығын, тіліміздің  тазалығын барынша сақтап қалатындығын айтып,  қолдау білдірді.

Тіл – ұлттық санаға әсер етіп, өлтіретін де, көтеретін де ұлы күш. Сондықтан латыннегізді төл әліпбиіміз әдебиетіміздің, мәдениетіміздің, ұлттық санамыздың, рухымыздың асқақтауына жол ашатынына сенемін.  Өзге елдермен иық тіресіп тұра алатындай елімізді әлемдік кеңістікке шығаруға жасалған ұлы қадам деп білемін.       

Жастар – ел болашағы. Ендеше біз, жас ұрпақ еліміздің өркендеуіне, ана тіліміздің дамуына, тілдік рухымыздың асқақтауына бей-жай қарамай, жаңалықтың жаршысы болып, жаңа қазақ жазуының қалыптасуына өз үлесімізді қосуға дайынбыз.

 










Вернуться назад