ҚАРАҒАНДЫДА: 3°C
  • USD 425.48
  • EUR 494.20
  • RUB 6.14
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Кеншілер даңғылы, 64
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 25-51-90 +7 (7212) 25-34-00

ЖОБАЛАР

«Латын графикасына көшу – рухани жаңғыру негізі» тақырыбында семинар-тренингі өткізілді

Аталмыш шара барысында Орталық мамандары тарапынан қазақ жазуын латын графикасына кезең-кезеңмен көшу, республикалық жұмыс топтарының міндеті, емле ережелері жобасының әзірленуі, оны оқыту мен әдістемелік жұмыстар туралы жан-жақты ақпарат берілді. Барлығы 40-тан аса маман қатысты.

Семинар-тренингке қатысушылар «Латынша жазып дағдыланамыз» практикалық бөлігіндегі тапсырмаларды қызығушылықпен орындады, сондай-ақ орыс және шет тілдерінен енген сөздердің жазылуы және жаңа қазақ әліпбиіне енбеген әріптермен келетін сөздердің жазылуы төңірегінде пікір алмасты.

Шара соңында «Патриоттық сезім – отансүйгіштік рухтың құнарлы мәйегі, бабаларымыздың арманы», - деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, өзін елімнің патриотымын деп есептейтін әр азамат болашақта жаңа қазақ жазуын меңгеріп, оны күнделікті өмірінде қолдануға ұмтылуы керек екендігі атап өтілді.

 



Артқа қайту