ҚАРАҒАНДЫДА: 4°C
  • USD 448.15
  • EUR 483.46
  • RUB 4.86
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2018 жылғы   «13» наурыздағы
№ 27 өкімімен
бекітілген

 

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен
көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспары
(бірінші кезең: 2018 – 2020 жылдар, екінші кезең: 2021 – 2023 жылдар, үшінші кезең: 2024 – 2025 жылдар)

Р/с№

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімдері

Қаржыландыру көлемі, млн. теңге

1

2

3

4

5

6

I кезең: 2018 – 2020 жылдар

1. Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша іс-шаралар

  •  

Латын графикасындағы қазақ әліпбиінің орфографиясы мен орфоэпиясы ережелерін әзірлеу үшін  орфографиялық жұмыс тобын құру

бұйрық

МСМ

2018 жылғы бірінші тоқсан

талап етілмейді

  •  

Оқыту және үйрету әдістемесін әзірлеу, оны білім беру жүйесіне біртіндеп енгізу үшін әдістемелік жұмыс тобын құру

бұйрық

БҒМ

2018 жылғы бірінші тоқсан

талап етілмейді

  •  

Латын графикасы негізіндегі қазақ тілінің терминологиялық қорын жүйелендіру үшін терминологиялық жұмыс тобын құру

бұйрық

БҒМ

2018 жылғы бірінші тоқсан

талап етілмейді

  •  

Латын графикасын ІТ технологияларға және ақпараттық кеңістікке бейімдеу үшін техникалық және ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі жұмыс тобын құру

бұйрық

АКМ

2018 жылғы бірінші тоқсан

талап етілмейді

  •  

Орфографиялық, әдістемелік, терминологиялық жұмыс топтарының, сондай-ақ техникалық және ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі жұмыс тобының отырыстарын өткізу

жұмыс топтарының хаттамалары

МСМ,
БҒМ, АКМ

2018 жылғы 15 сәуірге дейін, одан әрі – тоқсан сайын
(есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-і)

талап етілмейді

  •  

Қазақ тілінің терминологиялық қорын жүйелендіру, оқыту және үйрету әдістемесін әзірлеу және латын графикасын ІТ технологияларға және ақпараттық кеңістіктерге бейімдеу бойынша сарапшыларды тарту

ұсынымдар

МСМ

2018 – 2020 жылдар

545,8

2018 жылғы желтоқсан

181,92

2019 жылғы желтоқсан

181,92

2020 жылғы желтоқсан

181,92

  •  

Қазақ тілінің жаңа латын графикалы ұлттық әліпбиінде қазақ мәтінінің элементтерін орфографиялаудың ғылыми-теориялық (фонетика-фонологиялық, интонациялық-просодикалық, морфология-синтаксистік) және т.б. негіздерін, сондай-ақ латын графикасындағы жаңа әліпби негізінде орфоэпиялық ережелерді әзірлеу

ұсынымдар

БҒМ,                     А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
(келісім бойынша)

2018 жылғы қыркүйек

72,6
(2018 – 2020 жылдарға арналған БНҚ шеңберінде)

  •  

Латын графикасы негізіндегі жаңа қазақ әліпбиінде емле ережелерін әзірлеу

ұсынымдар

БҒМ,                     А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (келісім бойынша)

2018 жылғы желтоқсан

28,0
(2018 – 2020 жылдарға арналған БНҚ шеңберінде)

2. Ұйымдастырушылық және әдістемелік іс-шаралар

  •  

Инновациялық IT технологияларды қолдана отырып, балалар мен ересектерге арналған онлайн-қосымшалар, электрондық нұсқадағы оқу курстарын әзірлеу

бағдарламалық өнім

МСМ

2018 жылғы желтоқсан

382,0

  •  

Латын графикасына мәтіндік қайта кодтаушыға арналған конвертер бағдарламасын және IT қосымшасын әзірлеу

бағдарламалық өнім

МСМ

2018 жылғы желтоқсан

54,6

  •  

Қазақ әліпбиін латын графикасына ауыстырудың негізгі аспектілері туралы азаматтарды ақпараттандыру деңгейін анықтау бойынша әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізу

зерттеу жұмыстарының қорытындысы

МСМ

2018 – 2020 жылдар

001 «Мәдениет, спорт және туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

  •  

Оқулықтарға, латын графикасындағы оқу әдістемелік кешендерге  сараптама жасау:

МСМ-ге ақпарат

БҒМ, «Оқулық» РҒПО                 (келісім бойынша), баспалар             (келісім бойынша)

2019 – 2025 жылдар

39,9

0 сынып

2019 жылы

1,2

1 сынып

2020 жылы

2,4

2 сынып

2021 жылы

2,6

3 сынып

2022 жылы

2,9

4 сынып

2023 жылы

2,9

5 пен 9 сынып аралығы

2024 жылы

18,5

10 мен 11 сынып аралығы

2025 жылы

9,4

  •  

Қазақ тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектептерге арналған барлық оқу пәндері бойынша, қазақ тілінде оқытпайтын мектептерге арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу пәні  бойынша латын графикасы негізіндегі оқулықтарды қайта шығару және оларды жергілікті атқарушы органдардың сатып алуын ұйымдастыру

МСМ-ге ақпарат

БҒМ, «Оқулық» РҒПО             (келісім бойынша), баспалар           (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2019 – 2025 жылдар

202670,9

2019 жылы – 0 сынып

2019 жылы

2084,8

2020 жылы – 1 сынып

2020 жылы

3981,0

2021 жылы – 2 сынып

2021 жылы

4397,9

2022 жылы – 3 сынып

2022 жылы

4814,9

2023 жылы – 4 сынып

2023 жылы

4814,9

2024 жылы – 5-9 сыныптар

2024 жылы

151643,3

2025 жылы – 10-11 сыныптар

2025 жылы

30934,1

  •  

Латын графикасына көшуді ескере отырып, жалпы орта білім беру ұйымдары оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру

бұйрық

БҒМ, «Өрлеу» БАҰО» АҚ          (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

192331 мұғалім

10896,1

2019 жылы – 9038

451,8

2020 жылы – 9038

471,3

2021 жылы – 9038

482,1

2022 жылы – 9038

493,3

2023 жылы – 9038

504,9

2024 жылы – 90765

5 191,0

2025 жылы – 56376

3 301,7

  •  

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы базасында және оның филиалдарында мемлекеттік қызметшілерді латын графикасына үйрету

МСМ-ге ақпарат

МҚСҚІА          (келісім бойынша),
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері,
МБА            (келісім бойынша)

2019 - 2021 жылдар

республикалық бюджетте көзделген, бөлінген қаражат шеңберінде

  •  

Оқыту орталықтарының оқытушылары мен ересек тұрғындарды оқыту үшін  филологтар мен лингвист ғалымдарды тарта отырып, семинарлар мен дәрістер, курстар ұйымдастыру

семинарлар, дәрістер, курстар кестесі

МСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2019 – 2025 жылдар

427,8

2019 жыл

60,76

2020 жыл

61,17

2021 жыл

61,17

2022 жыл

61,17

2023 жыл

61,17

2024 жыл

61,17

2025 жыл

61,17

  •  

Латын графикасы негізіндегі жаңа Қазақ тілінің үлкен орфографиялық сөздігінің қолжазбасын әзірлеу және жасау

сөздіктің қолжазбасы

БҒМ,                     А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
(келісім бойынша)

2019 жылғы желтоқсан

47,4
(2018 – 2020 жылдарға арналған БНҚ шеңберінде)

  •  

Латын графикасы негізіндегі жаңа Қазақ тілінің үлкен орфоэпиялық сөздігінің қолжазбасын әзірлеу және жасау

сөздіктің қолжазбасы

БҒМ,                     А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
(келісім бойынша)

2019 жылғы желтоқсан

47,0
(2018 – 2020 жылдарға арналған БНҚ шеңберінде)

  •  

Латын графикасы негізіндегі жаңа Қазақ орфографиясы бойынша үлкен анықтағыштың қолжазбасын әзірлеу және жасау

анықтағыштың қолжазбасы

БҒМ,                          А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
(келісім бойынша)

2019 жылғы желтоқсан

28,5
(2018 – 2020 жылдарға арналған БНҚ шеңберінде)

  •  

Латын графикасы негізіндегі жаңа Қазақ орфоэпиясы бойынша үлкен анықтағыштың қолжазбасын әзірлеу және жасау

анықтағыштың қолжазбасы

БҒМ,                     А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (келісім бойынша)

2019 жылғы желтоқсан

28,5
(2018 – 2020 жылдарға арналған БНҚ шеңберінде)

  •  

Жаңа графикада мемлекеттік тілдегі оқулықтар мен оқу құралдарын басып шығаруға қажетті оқу дискурсы мәтіндерінің ғылыми-лингвистикалық параметрлерін әзірлеу  (лексикалық минимум, грамматикалық минимум, нормативтік оқу-педагогикалық лексика, әмбебап  терминология, негізгі орфографиялық, пунктуациялық және стилистикалық мектеп ережелерінің жиынтығы, жастар санаты бойынша мектептің оқу мәтіндерінің полиграфиялық параметрлері және т.б.)

аннотациялық есеп

БҒМ,                     А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (келісім бойынша)

2019 жылғы желтоқсан

60,1
(2018 – 2020 жылдарға арналған БНҚ шеңберінде)

  •  

Орфографиялық ережелерді, орфоэпиялық ережелерді, кириллицадан латын графикасына қайта кодтаушы бағдарламасының жалпыға қолжетімділігін және жаппай енгізілуін қамтамасыз ету: ережелер мен қайта кодтаушының онлайн нұсқасын мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің барлық ресми сайттарына орналастыру

Қазақстан Республикасы Үкіметіне ақпарат

МСМ, ОМО, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2019 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

  •  

Салалық терминологиялық сөздіктердің қолжазбасын әзірлеу

сөздіктің қолжазбасы

БҒМ,                       А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (келісім бойынша)

2020 жылғы желтоқсан

28,2
(2018 – 2020 жылдарға арналған БНҚ шеңберінде)

  •  

Оқу, физикалық географиялық карталар, атластар әзірлеу

ономастикалық атаулардың анықтағышы

БҒМ, МСМ,          А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (келісім бойынша)

2020 жылғы желтоқсан

28,1
(2018 – 2020 жылдарға арналған БНҚ шеңберінде)

  •  

Латын графикасы негізінде терминографияның ғылыми негіздерін әзірлеу, терминологиялық база жасау

аннотациялық есеп

БҒМ,                       А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (келісім бойынша)

2019 жылғы желтоқсан

47,5
(2018 – 2020 жылдарға арналған БНҚ шеңберінде)

  •  

Салалық топонимиялық және антропонимиялық сөздіктердің қолжазбасын әзірлеу

сөздіктің қолжазбасы

БҒМ,                        А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (келісім бойынша)

2019 жылғы желтоқсан

47,0
(2018 – 2020 жылдарға арналған БНҚ шеңберінде)

  •  

Латын графикасы негізінде Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық бірліктері атауларының және физика-географиялық атауларының анықтамалығын әзірлеу

анықтамалықтар

БҒМ,                          А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (келісім бойынша)

2019 жылғы желтоқсан

37,9
(2018 – 2020 жылдарға арналған БНҚ шеңберінде)

  •  

Жаңа үлкен орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктер мен анықтамалықтарды шығару және тарату

сөздіктер мен анықтамалықтар

МСМ, БҒМ,           А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (келісім бойынша)

2020 – 2025 жылдар

300,0

2020 жылы

50,0

2021 жылы

50,0

2022 жылы

50,0

2023 жылы

50,0

2024 жылы

50,0

2025 жылы

50,0

II кезең: 2021 – 2023 жылдар

Ұйымдастырушылық және әдістемелік іс-шаралар

  •  

Мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және (немесе) әзірлеушілер солар болып табылатын қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ олардың құзыретіне жататын актілерді латын графикасына көшіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру

нормативтік құқықтық актілер

ОМО, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2021 жылғы қаңтар

талап етілмейді

  •  

Қазақстан Республикасы азаматының паспорттары мен жеке куәліктерін және басқа да құжаттарды латын графикасы негізіндегі мемлекеттік тілде беруді қамтамасыз ету

МСМ-ге ақпарат

ІІМ

2021 – 2025 жылдар

республикалық бюджетте көзделген, бөлінген қаражат шеңберінде

  •  

Тілдік мамандықтар шеңберінде жаңа қазақ графикасы және жаңа жазу ережелері бойынша пәндер мен курстар әзірлеу және енгізу

жұмыс оқу бағдарламалары

БҒМ, ЖОО-лар

2021 жылғы маусым

талап етілмейді

  •  

Латын графикасы негізіндегі қазақ тілінің орфографиялық сөздігінің, орфоэпиялық сөздігінің жалпыға қолжетімділігін және жаппай енгізілуін қамтамасыз ету, сөздіктердің онлайн нұсқасын мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің барлық ресми сайттарына орналастыру, Қазақстан Республикасының кітапхана желілерін осы әзірлемелердің электрондық нұсқаларымен қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Үкіметіне ақпарат

МСМ, ОМО, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2021 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

  •  

Латын графикасы негізінде салалық топонимиялық, антропонимиялық сөздіктерді, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің және физикалық географиялық объектілерінің анықтамалықтарын шығару және тарату

сөздіктер мен анықтамалықтар

МСМ, БҒМ, АШМ,                    А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (келісім бойынша), ҰАБ                 (келісім бойынша)

2021 жылғы желтоқсан

021 «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

  •  

Латын графикасы негізінде қазақ тілінде шеттілдік атауларды (экзонимдерді), сондай-ақ шет мемлекеттерінің, әлем елдері астаналарының, мұхиттардың, теңіздердің және «Дүниежүзінің саяси картасының» басқа да объектілерінің атауларын транслитерациялау ережелерін әзірлеу

ұсынымдар

БҒМ,                      А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (келісім бойынша)

2021 жылғы желтоқсан

141,4
(2021 –  2023 жылдарға арналған БНҚ шеңберінде)

  •  

Жаңа әліпби негізінде қазақ тіліндегі стандарттарды, ережелерді, анықтамалықтар мен сөздіктерді жетілдіру және жақсарту үшін эмпирикалық база ретіндегі кітаби стильдегі заманауи қазақ мәтіндерінің корпусын жасау

корпустық ресурс

БҒМ,                       А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (келісім бойынша)

2021 жылғы желтоқсан

141,9
(2021 – 2023 жылдарға арналған БНҚ шеңберінде)

  •  

Латын графикасы негізінде Қазақстан Республикасындағы ономастикалық қызмет қағидаларын, Терминологиялық жұмыстар қағидаларын әзірлеу

ұсынымдар

МСМ, БҒМ,            А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (келісім бойынша)

2022 жылғы наурыз

талап етілмейді

  •  

Латын графикасы негізіндегі жаңа Қазақ тілінің академиялық грамматикасының қолжазбасын әзірлеу

академиялық грамматиканың қолжазбасы

БҒМ,                     А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (келісім бойынша)

2022 жылғы желтоқсан

142,1
(2021 – 2023 жылдарға арналған БНҚ шеңберінде)

  •  

Латын графикасы негізіндегі Қазақ тілінің жаңа үлкен түсіндірме сөздігінің қолжазбасын әзірлеу

сөздіктің қолжазбасы

БҒМ,                     А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (келісім бойынша)

2022 жылғы желтоқсан

293,2
(2021 – 2023 жылдарға арналған БНҚ шеңберінде)

  •  

Жаңа Үлкен қазақ-орыс-ағылшын сөздігінің қолжазбасын әзірлеу

сөздіктің қолжазбасы

БҒМ,                     А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (келісім бойынша)

2023 жылғы желтоқсан

291,9
(2021 – 2023 жылдарға арналған БНҚ шеңберінде)

  •  

Латын графикасы негізінде Академиялық грамматика, Үлкен түсіндірме сөздік және Үлкен қазақ-орыс-ағылшын сөздігін шығару және тарату

сөздіктер мен анықтамалықтар

МСМ, БҒМ,              А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (келісім бойынша), ҰАБ                (келісім бойынша)

2021 жылғы желтоқсан

021 «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

ІІІ кезең: 2024 – 2025 жылдар

Ұйымдастырушылық және әдістемелік іс-шаралар

  •  

Орталық мемлекеттік органдардың ісқағаздарын латын графикасына көшіру

МСМ-ге ақпарат

ОМО

2024 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

  •  

Жергілікті мемлекеттік органдардың ісқағаздарын латын графикасына көшіру

МСМ-ге ақпарат

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2024 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

  •  

Орталық мемлекеттік органдардың өздері орындалуы үшін негізгі жауапты болып табылатын, барлық жасалған халықаралық шарттарды латын графикасына ауыстыруы

МСМ-ге ақпарат

МИД, ОМО

2024 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

  •  

Мемлекеттік БАҚ-ты және баспа басылымдарын латын графикасына (кезең-кезеңімен) көшіру

МСМ-ге ақпарат

АКМ, МСМ

2024 – 2025 жылдар

талап етілмейді

  •  

Білім беру ұйымдарының ісқағаздарын латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру

кесте

БҒМ, ЖАО

2024 – 2025 жылдар

талап етілмейді

Ақпараттық жұмыс

  •  

Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру тақырыбы бойынша материалдар жариялаумен айналысатын журналистер тобын қалыптастыру

материалдар жариялау

АКМ

2018 жылғы маусым

талап етілмейді

  •  

Теле- және радиоарналарда, мерзімді баспа басылымдарында қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруге арналған тақырыптық айдарлар мен бағдарламалар ашуды ұйымдастыру

айдарлар мен бағдарламалар

АКМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2018 жылғы маусым

003 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

  •  

Телеарналардың жаңалықтар шығарылымдары мен талдамалық бағдарламаларында, баспа БАҚ-та және медиа интернет-ресурстарда «оқиғалар қатары» іс-шараларын ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету

МСМ-ге ақпарат

АКМ, МСМ, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

жарты жылда бір рет

003 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

  •  

Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бейне блоктар әзірлеу

бейне блоктар

МСМ

2018 – 2025 жылдар

168,0

2018 жылғы шілде

21,0

2019 жылғы шілде

21,0

2020 жылғы шілде

21,0

2021 жылғы шілде

21,0

2022 жылғы шілде

21,0

2023 жылғы шілде

21,0

2024 жылғы шілде

21,0

2025 жылғы шілде

21,0

  •  

Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бейне блоктар жариялау

МСМ-ге ақпарат

АКМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ұлттық компаниялар (келісім бойынша)

2019 жылғы 15 қаңтарға дейін, одан әрі – жылына бір рет (есептік жылдан кейінгі айдың 15-і)

003 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

  •  

Қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің жетістіктері туралы әлеуметтік роликтер топтамасын дайындауды және оларды одан әрі әлеуметтік желілер мен бейнепорталдарда орналастыра отырып, республикалық және өңірлік телеарналарда таратуды қамтамасыз ету

МСМ-ге ақпарат

АКМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

жарты жылда бір рет

003 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

  •  

Мемлекеттік тілдегі мотиваторлық постарды жастар арасында танымал әлеуметтік желілерде латын графикасында жариялау

МСМ-ге ақпарат

ДАҚІМ

тұрақты

талап етілмейді

  •  

Ақпараттық-түсіндіру материалдарын латын графикасында орналастыруды қамтамасыз ету

МСМ-ге ақпарат

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2024 – 2025 жылдар

жергілікті  бюджетте көзделген, бөлінген қаражат шеңберінде

 

Ескерту: қысқарған сөздердің толық жазылуы:

МҚСҚІА

-

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы          іс-қимыл агенттігі

АКМ

-

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

БҒМ

-

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

ДІАҚМ

-

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

МСМ

-

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

ІІМ

-

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

СІМ

-

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

«Оқулық» РҒПО

-

«Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы

«Өрлеу» БАҰО» АҚ

-

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы

БАҚ

-

бұқаралық ақпарат құралдары

ЖОО

-

жоғары оқу орны

ОМО

-

орталық мемлекеттік органдар

МБА

-

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

ҰАБ

-

Ұлттық аударма бюросы

НҚБ

-

нысаналы қаржыландыру бағдарламасы

Ш.Шаяхметов орталығы

-

Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы

ҮЕҰ

-

үкіметтік емес ұйымдар