ҚАРАҒАНДЫДА: 20°C
  • USD 446.49
  • EUR 475.38
  • RUB 4.79
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

  • 13 Қыркүйек 2023 16:30
    "БҮЛДІРШІНГЕ ЖЫР АРНА" атты облыстық әдеби-шығармашылық байқауының жүлдегерлері анықталды

    Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Қарағанды облысы бойынша филиалы және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Тіл-қазына» әлеуметтік жобасы аясында «Балалардың бал тілі қазақ тілінде дамысын» бағытында балаларға арнап өлең шығарып, әңгіме жазып жүрген қаламгерлер арасында «Бүлдіршінге жыр арна» атты облыстық әдеби-шығармашылық байқауының салтанатты марапаттау кеші ұйымдастырылды.

  • 06 Қыркүйек 2023 16:30
    ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ "ТІЛ ЖАНАШЫРЫ" СЫЙЛЫҒЫН ТАБЫСТАУ РӘСІМІ

    Қазақстан халқы тілдерінің мерекесі аясында облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 5 қыркүйекте Қарағанды қаласының «Достық үйінің» концерт залында облыс әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығын табыстау рәсімі өткізілді.Мемлекеттік тілдің қоғамдық рөлі мен маңызын арттыру, тілдерді дамыту мен мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға үлес қосқан тұлғаларды көтермелеу және оларға қолдау көрсету мақсатында тағайындалатын «Тіл жанашыры» сыйлығы 2012 жылдан бастап тапсырылып келеді.

  • 05 Қыркүйек 2023 16:30
    ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ІС-ШАРА

    5 қыркүйек Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келген Тілдер мерекесіне орай М.О. Әуезов атындағы қалалық кітапхана іс-шара ұйымдастырды.

  • 11 Тамыз 2023 16:30
    «АБАЙ ҮНІ – ХАЛЫҚ ҮНІ» атты қалалық іс-шара

    10 тамыз Абай күні Республика көлемінде аталып өтуде. Осы орайда Саран қаласында «АБАЙ ҮНІ – ХАЛЫҚ ҮНІ» атты қалалық іс-шара ұйымдастырылды.

  • 09 Тамыз 2023 16:30
    АБАЙ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ

    10 тамыз Ұлт руханиятының темірқазығына айналған Абайдың туған күніне орай Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 9 тамызда Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Жастар әлемі» ғимаратында Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өткізілді.

  • 21 Шілде 2023 16:30
    "ШЕТ ТІЛДІК СӨЗДЕРДІҢ ЕМЛЕСІ" АТТЫ ТРЕНИНГ

    Бүгін «Шырақ» тілдерді оқыту орталығының мамандары үшін «Шет тілдік сөздердің емлесі» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренинг барысында:

  • 18 Шілде 2023 16:30
    ӘДІСТЕМЕЛІК ВЕБИНАР ӨТКІЗІЛДІ

    Бүгін Ресурстық тіл орталығы тарапынан «Шырақ» тілдерді оқыту орталығының жас мамандарына әдістемелік көмек көрсетілді. Орталықтың бөлім меңгерушісі Ж.Жақан «Сөйлеу әрекетін дамытуға арналған әмбебап жаттығулар жүйесі» тақырыбында вебинар өткізді.

  • 13 Шілде 2023 16:30
    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ

    3 шілдеде Жезқазған қаласында мемлекеттік қызметшілер үшін жетілдірілген әліпби жобасын таныстыруға арналған «Латын графикасында оқу және жазу дағдысын қалыптастырамыз!» атты тренинг өткізілді.

  • 13 Шілде 2023 16:30
    КЕЗЕКТІ ТРЕНИНГ

    2023 жылдың 13 маусымында жаңа қазақ әліпбиін насихаттау мақсатында «Латын графикасында оқу және жазу дағдысын қалыптастырайық!» атты кезекті тренинг қаламыздағы «Шырақ» тілдерді оқыту орталығының мамандарына өткізілді.

  • 12 Шілде 2023 16:30
    ӘДІСТЕМЕЛІК ДЕСАНТ жұмысы Саран қаласында жалғасын тапты

    12 шілдеде Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының мамандары – Ж.Жақан мен Ә. Смықова әдістемелік көмек көрсету мақсатында Саран қаласының тілдерді дамыту орталығына іссапармен барып қайтты.

Страницы: 2345678910