ҚАРАҒАНДЫДА: 9°C
  • USD 449.58
  • EUR 486.94
  • RUB 4.86
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

  • 15 Маусым 2021 16:31
    ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша семинар өтті

    15 маусымда Саран қаласының тілдерді дамыту орталығының ұйымдастырумен «ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тілдік білімді бағалау кезіндегі тест тапсырмаларының ерекшеліктері» атты онлайн-семинар өткізілді. Аталмыш семинарға баяндамашы ретінде Ресурстық тіл орталығының әдіскері Ә.Д. Смықова қатысты.

  • 15 Маусым 2021 16:30
    ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫС АЯСЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ

    15 маусымда өзара ынтымақтастық байланыс аясында Ақтөбе облысы Қобда ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастамасымен онлайн түрде ақпараттық-лингвистикалық сағат өткізілді. Аталған шараға Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Жұпар Рысқұлқызы Жақанова қатысып, «Ұлттық брендті қалыптастырудағы латын графикасының мүмкіндігі» тақырыбында шағын дәріс өткізді.

  • 14 Маусым 2021 16:30
    КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫНА ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ

    14 маусымда академик К.А. Сағынов атындағы интернет-колледж, Қарағанды медицина-техникалық колледжі және Ә.Молдағұлова атындағы спорт интернатының оқытушыларына «Латинская графика:навыки чтения и письма» тақырыбында жетілдірілген әліпбиді насихаттау бойынша тренинг өткізілді.

  • 11 Маусым 2021 16:30
    КОЛЛЕДЖ МҰҒАЛІМДЕРІ ВЕБИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

    Қарағанды қаласының көпсалалы-гуманитарлық және техникалық колледжі, «Қарағанды Сән» колледжі мен Қарағанды қаласының көлік-технологиялық колледжі мұғалімдеріне «Латинская графика: навыки чтения и письма» тақырыбында вебинар өткізілді.

  • 10 Маусым 2021 16:30
    КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ОНЛАЙН СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

    10 маусымда «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің жоспарлауымен М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада «Қазіргі қазақ әдебиеті және оның танымдылығын арттыру жолдары» тақырыбында онлайн семинар ұйымдастырылды.

  • 09 Маусым 2021 16:30
    ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

    9 маусымда Қаражал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі нің ұйымдастыруымен «Латын әліпбиі туралы өз ойым» атты онлайн кездесу өткізілді. Кездесу қонағы Ресурстық тіл орталығының әдіскері Әсия Даниярқызы Смықова болды.

  • 08 Маусым 2021 16:30
    КОЛЛЕДЖ МАМАНДАРЫ ТРЕНИНГКЕ ҚАТЫСТЫ

    8 маусымда Қарағанды көлік-технологиялық колледж мамандарына «Латын графикасында оқу және жазу дағдысын қалыптастырайық!» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренинг барысында жетілдірілген әліпби нұсқасы таныстырылып, ондағы жекелеген диакритикалық таңбаларға көңіл бөлінді.

  • 03 Маусым 2021 16:31
    КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНЕ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ

    Колледж студенттеріне «Латын графикасында оқу және жазу дағдысын қалыптастырамыз!» атты тренинг өткізілді. Шара барысында әліппе реформасы туралы, латын графикасына негізделген жаңа әліпбидің оңтайлы нұсқасы қабылданғаны туралы ақпарат берілді. 

  • 03 Маусым 2021 16:30
    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АУДИОДИКТАНТ ЖАЗДЫ

    Бүгін Ішкі саясат басқармасының мамандары «Audiodiktant jazaiyq»  акциясына қатысты. Диктант әдеттегідей «whatsapp» әлеуметтік желісі арқылы өтті. Қатысушыларға алдын-ала көмекші құрал ретінде әліпби нұсқасы жіберіліп, диктант жазуға қойылатын талаптар ескертілді.

  • 02 Маусым 2021 16:30
    КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫНА ТРЕНИНГ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

    Тренинг «Не үшін қазақ жазуына түбегейлі реформалар қажет?» деген сұрақтан басталып, латын графикасының маңыздылығы мен қажеттілігі түсіндірілді.

Страницы: 272829303132333435