ҚАРАҒАНДЫДА: 21°C
  • USD 447.40
  • EUR 477.55
  • RUB 4.76
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

  • 28 Желтоқсан 2023 16:30
    ҚОРЫТЫНДЫ СЕМИНАР - КЕҢЕС ӨТТІ

    Бүгін Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығы тарапынан жыл қорытындысына арналған онлайн семинар-кеңес ұйымдастырылды.

  • 26 Желтоқсан 2023 16:30
    БАҚ өкілдеріне арналған семинар өтті

    Тіл мәдениетін көтеру, оның ішінде жазудағы сауаттылықты сақтау, қазақ тілінің үндесім заңдылығын сақтап сөйлеу – баршаға ортақ іс. Осы орайда Қарағанды облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығы «БАҚ және тіл мәдениеті: тілдік нормалар» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырды.

  • 20 Желтоқсан 2023 16:30
    “ТІЛ - РУХАНИЯТ ТІРЕГІ”

    Бүгін «Қасым үйінде» облыс әкімінің орынбасары Ерлан Бейсенбайұлы қоғам белсенділерімен, тіл жанашырларымен кездесті. Өз сөзін «Бүгінгі кездесудің түпкі түйіні – өздеріңізбен жақын таныса отырып, аймақтағы тіл мәселелерін шешу жолдарын қарастыру, алдағы жоспарларымызды талқылау болып табылады», - деп бастаған Ерлан Бейсенбайұлы қоғамда тіл саясатын жүзеге асыруда белсенділік танытып жүрген тіл жанашырларына алғысын білдірді.

  • 13 Желтоқсан 2023 16:30
    «Көрнекі ақпарат пен жарнама тілін біріздендіру» әлеуметтік жоба аясындағы семинар-кеңес

    13 желтоқсанда Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының ұйымдастыруымен Қарағанды облысының Атамекен палатасының конференция залында "Көрнекі ақпарат пен жарнама тілін біріздендіру" әлеуметтік жобасы аясында семинар-кеңес өтті.

  • 12 Желтоқсан 2023 16:30
    "АШЫҚ ЕСІК" КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

    2023 жылдың 12 желтоқсанында Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Ашық есік күнін» өткізді

  • 08 Желтоқсан 2023 16:30
    ТІЛ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ТІЛ ТАБЫСУ ӨНЕРІ

    Тіл мәдениетіне қатысты қазан айында жоспарланған тренингтер топтамасы жалғасын тапты. Бүгін Ресурстық тіл орталығының маманы «ҚР ІІМ Қарағанды облысының және Ұлытау облысының мамандандырылған күзет қызметі» басқармасында «Тіл табысу өнері» тақырыбында тренинг өткізді.

  • 05 Желтоқсан 2023 16:30
    Саналы ұрпақ тәрбиесі бүгіннен басталады

    Белгілі қоғам қайраткері Жұмабек Тәшенов атындағы білім ошағында «Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» облыстық форумы аясында біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Сөнбейді, әже, шырағың» атты «Ғибрат» әжелер мектебінің ашық есік күні өтті.

  • 04 Желтоқсан 2023 16:30
    "Мемлекеттік тіл - менің тілім" республикалық форумы

    ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен тілдік негізде кемсітушіліктің кез келген түрлеріне бір уақытта табанды қарсы тұрып, оның алдын алу және болдырмау, сондай-ақ мемлекеттік тілдің одан әрі дамуы мен практикалық қолданылуын ынталандыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында «Мемлекеттік тіл - менің тілім» республикалық форумы өтті.

  • 04 Желтоқсан 2023 16:30
    ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІНІҢ ЖАС ҰРПАҚ ҮШІН ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗЫ ЗОР

    «Алмагүл» бөбекжайында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында қолға алынған «Әжемнің ертегісі» жобасының ашық есік күні өтті. Қазақ халық ертегілеріне баулу арқылы тілдік құзыреттілікті, ұлттық мұраны, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында өткізілген іс-шараға Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Жұпар Жақан қатысып қайтты.

  • 28 Қараша 2023 16:30
    АҚПАРАТТЫҚ САҒАТ ӨТКІЗІЛДІ
    Бүгін №6 жалпы білім беретін мектепте ақпарат беру мақсатында «Латын әліпбиі – мәңгілік елдің рухани жаңғыруы» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.
    Іс-шарада мемлекеттік тіл саясаты, тілді реформалау мәселесі, қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшірудегі мақсатымыз туралы жалпылама ақпарат берілген соң, негізгі тақырып бойынша мына мәселелерге назар аударылды:
Страницы: 1234567