ҚАРАҒАНДЫДА: 9°C
  • USD 449.58
  • EUR 486.94
  • RUB 4.86
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Latyn-karaoke» flesh mob» акциясы

30 Қараша 2018 16:28

   Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша кешенді жұмыстар жүргізу мақсатында Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының ұйымдастыруымен жоғары оқу орындары мен білім беру ұйымдары арасында ү.ж. қараша айында «Latyn-karaoke» flesh mob» акциясы өтті.

        Аталмыш акция барысында ЖОО мен білім беру ұйымдарының базасында студенттер, оқушылар мен оқытушылар Ресурстық тіл орталығының тарапынан латын графикасы негізінде дайындалған «Latyn-karaoke» жобасындағы  Қазақстан Республикасының әнұраны, «Атамекен» және «Мен - қазақпын» әндерін шырқады.

      Акцияға ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы заң академиясы, ҚарМТУ, ҚММУ, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, Қарағанды «Болашақ» академиясы, Ө.А.Байқоныров атындағы ЖезУ, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, Фемида құқық колледжі, Шет тілдер колледжі, Қарағанды политехникалық колледжі, Тәттімбет атындағы өнер колледжі, Қарағанды банк колледжі, Көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі, «Болашақ» Қарағанды маңызды білім беру колледжі, Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты, «Ақпараттық технологиялар» мамандырылған мектеп-лицей-интернаты, Н.Нұрмақов атындағы мамандырылған мектеп-интернаты, Қарағанды қаласының №97 гимназиясы мен № 8 және № 52 жалпы білім беру мекемелері қатысты.

   Флешмобқа жалпы 2000-ға жуық адам қатысып, оның қорытындысы әлеуметтік желілерде #latynkaraoke, #ресурстықтілорталығы хештегімен орналастырылды.










Артқа қайту