ҚАРАҒАНДЫДА: 21°C
  • USD 447.40
  • EUR 477.55
  • RUB 4.76
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

Жаңа емле ережелері қоғамдық талқыдан өтуде

01 Ақпан 2019 08:10

      Қарағанды қаласында "Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия" тарапынан мақұлданған жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережесі қоғамдық талқыдан өтуде (ереже «Егемен Қазақстан» газетінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы №11 санында, «Орталық Қазақстан» газетінің 2019 жылғы 19 қаңтардағы №6 санында жарияланған болатын). Шараға жоғарғы оқу орындарының филолог-ғалымдары, қалалық, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің тілге, латын әліпбиін енгізуге жауапты мамандары, тілдерді оқыту орталықтарының әдіскерлері, оқытушылары, облыстық басқармалардың тілге жауапты мамандары, колледж, мамандандырылған мектептердің педагогтері қатысуда.

      Қоғамдық талқылау барысында: тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Ресурстық тіл орталығы Латын графикасына көшу бойынша оқыту және әдістемелік жұмыс бөлімінің меңгерушісі Жұпар Жақанова; Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ тіл білімі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Мархаба Тұрсынова; Қарағанды «Болашақ» академиясы, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор, филология ғылымдарының кандидаты Құрманғазы Сембиев және жиналған қауым емле ережелерінің жобасына қатысты жаңалықтар жөнінде баяндап, емле жобасын талқылады. Сол сияқты, Бектұрсын Қалиев, Шара Мажитаева, Сәбит Бексейіт, Серік Мұстафин сынды белгілі тіл мамандары, қоғамдық белсенді азаматтар пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салуда. Қатысушылар ғалымдарға сұрақтарын қойып жауаптар алуда. Талқылау соңында қатысушылардың ұсыныстары жинақталып, "Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияға" жолданатын болады.










Артқа қайту