Жаңалықтар
«Өзіңнен баста!» акциясы аясында тренинг өткізілді
25 Қараша 2024 17:30Бүгін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясында «Сөз және тіл мәдениеті: сөйлеу тілінде жіберілетін қателіктер» тақырыбында тренинг өтті.
Мақсаты: жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім арттырып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығы мамандарының тарапынан қолға алынған жобаларды насихаттау.
Тренингке 8-11 сынып оқушылары мен гимназия мұғалімдері, мектеп басшысы қатысты.
Тақырып аясында мынадай мәселелер қозғалды:
- тіл мәдениетінің сақталмау себептері;
- сөйлеу мәдениеті және сөйлеуге қойылатын талаптар;
- қазақ тілін дамытудың алғышарттары туралы ой қозғалды.
Алдағы уақытта оқушылармен мазмұнды кездесулер өткізіп, мемлекеттік тілге қатысты мәселелерді талқылау жалғасын табатынына сенімдіміз.
Іс-шараның өтуіне қолдау көрсеткен мектеп әкімшілігіне алғыс білдіреміз!