ҚАРАҒАНДЫДА: -3°C
  • USD 522.49
  • EUR 547.88
  • RUB 5.06
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ТІЛ ҮЙРЕТУДЕГІ РӨЛІ МЕН МҮМКІНДІГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

14 Қараша 2024 17:30

2024 жылғы 14 қарашада Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілді оқыту әдістемесін жетілдіру, ІТ технологияға бейімдеу, жасанды интеллектінің көмегімен тіл үйретуді оңтайландыру, тіл мамандарының, әдіскерлер мен оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында «Жасанды интеллект: тіл үйретудегі рөлі мен мүмкіндігі» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті.

Аталған ауқымды шараға тіл жанашырлары, ЖОО ғалымдары, депутаттар, Қарағанды облысының тіл бөлімдерінің басшылары, тіл саласына жауапты мамандар, тіл оқыту орталықтарының директорлары, әдіскер-оқытушылары қатысты. Республика бойынша Жамбыл, Қостанай, Абай, Жетісу, СҚО облыстарының тіл оқыту орталықтарының директорлары мен әдіскерлері келіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинардың екінші бөлігі «Қасым үйінде» орналасқан Қарағанды қаласының тілдерді дамыту бөлімінің «Шырақ» тіл оқыту орталығында жалғасты. Шарада орталық директоры Смыкова Асия Даниярқызы «Как сказать на казахском языке..» атты тіл үйренушілерге арналған әдістемелік құралымен таныстырып, басқа да облыстардан келген мамандар тіл оқытуда ЖИ қосымшаларын пайдалану жолдарымен бөлісті.

 

 










Артқа қайту