ҚАРАҒАНДЫДА: 21°C
  • USD 447.40
  • EUR 477.55
  • RUB 4.76
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

ҚАЗАҚТІЛДІ КОНТЕНТТЕР НАСИХАТТАЛДЫ

23 Мамыр 2023 16:30

Алдағы уақытта осының түрлі контенттер арқылы тілді инновациялық әдістермен оңай әрі тез меңгеруге мүмкіндік алып қана қоймай, қазақ тілін үйрену барысында балалар уақытын көңілді өткізе алады. Атап айтар болсақ, мобильді қосымшаға арналған кейіннен шыққан «Тәтті алма» қосымшасы арқылы бала түрлі тапсырмаларды орындай отырып, оның қызығына батып, тіл үйреніп жатқанын байқамай қалады. Қатысушылар бұл қосымшамен ойнап көріп, тиімділігіне көздерін жеткізді.

Семинар барысында мобильді қосымшалардың түрлерін қоспағанда 30-дан астам тіл үйренуге арналған сайт, балаларға арналған қазақтілді телеарналар көрсетілді. Осы контенттер арқылы коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдануды үйренеміз. Сондай-ақ балалардың тілін дамытуға арналған сайттар мен публицистикалық жариялымдар түрлері көрсетіліп, жұмыс істеу тәртібі баяндалды.
Все реакци
 
 

 










Артқа қайту