ҚАРАҒАНДЫДА: 4°C
  • USD 448.15
  • EUR 483.46
  • RUB 4.86
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ "ТІЛДАРЫН" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

18 Сәуір 2023 16:30

Байқауға бақтарын сынай келген қатысушылардың білімдерін бағалаған:

 Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің доценті, «Құрмет» орденінің иегері, комиссия төрағасы Қағазбаев Жаңбырбай Ахметұлы;

 Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетнің ф.ғ.к., профессор, Ш.Құдайбердіұлы атындағы «Тілдердің үштұғырлығы» орталығының директоры Әубәкіров Нұрлыбек Маманұлы;

 Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті журналистика кафедрасының доценті Жұмабеков Мейрам Кеңесұлы;

 ардагер журналист, облыс әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығының иегері Батырханова Сағат Сыдыққызы;

 Ресурстық тіл орталығының директоры Смағұлова Мөлдір Құсайынқызы.

Әділқазы мүшелері байқауға қатысушы жастардың берілген мәтіннен көнерген сөзді тауып, мағынасын ашу, қазақ елінің тарихы мен ұлы тұлғалары туралы сұрақтарға үш тілде ауызша түрде сауатты жауап беру, жетік білу қабілеттерін бағалады.

Қазылар алқасының шешіміне сәйкес:

І орын: Ә.Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат колледжінің тарих пәнінің мұғалімі - Нұрманғалиев Ерболат Өмірсерікұлы;

ІІ орын: ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының, 3 курс курсанты - Караманова Нүрила Әсетқызы;

ІІІ орын: Ә. Бөкейхан атындағы жалпы білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы - Саянқызы Айдана;

Ынталандыру сыйлықтарына:

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің, 2 курс студенті - Ерболатұлы Бейбіт;

Қарағанды қаласы, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, 11 сынып оқушысы - Мутайхан Әлмубди Жұматұлы;

Приозерск қаласының №2 жалпы білім беру орта мектебінің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі - Досымова Айнел Ержанқызы;

"Көрермендер көзайымы" номинациясына Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенті - Тәжікеев Марғұлан Сембайұлы лайық деп танылды.

Жүлдегерлер дипломмен, ақшалай сыйлықтармен, барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

 










Артқа қайту