ҚАРАҒАНДЫДА: 20°C
  • USD 446.49
  • EUR 475.38
  • RUB 4.79
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

ТРЕНИНГ ЖАЛҒАСУДА

27 Қазан 2021 16:30

27 қазанда қаламыздың тарих пәнінің мұғалімдеріне «Латинская графика: навыки чтения и письма» тақырыбында тренинг өткізілді.

Шара барысында тыңдаушыларға жетілдірілген жобадағы өзгерістер, диакритикалық таңбалардың атқаратын қызметі түсіндіріліп, оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастыруға көмектесетін жаттығулар ұсынылды. Латын графикасындағы қазақ сөздерінің айтылымына назар аударылды. Қатысушылар тапсырмаларды ерекше қызығушылықпен орындап, өз есімдерін жаңа графикада жазуды үйренді.

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, өз көзқарастарын білдіріп, әлі де үйренетіндерінің көп екенін, өткізіліп отырған сабақтың берері мол екенін атап өтті.










Артқа қайту