ҚАРАҒАНДЫДА: 9°C
  • USD 449.58
  • EUR 486.94
  • RUB 4.86
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

ТРЕНИНГ ЖАЛҒАСУДА

19 Қазан 2021 16:30

19 қазан күні латыннегізді әліпби жобасымен таныстырып, үйренгені бойынша дағды қалыптастыру мақсатында Қарағанды облысының «Арман» балабақшасы мамандарына кезекті "Латын графикасында оқу-жазу дағдысын қалыптастырайық!" aтты тренинг өткізілді.

Тренинг барысында жетілдірілген жаңа әліпби жобасы туралы, ондағы диакритикалық таңбалардың атқаратын қызметі жайында түсінік берілді. Аудиториядағы мамандар белсене қатысып, жаңа әліпбиді меңгеру еш қиындық туғызбайтынын алға тартты. Әліпби құрамымен ғана танысу аздық ететінін айтып, ережесінен хабардар болу үшін тренинг өткізуге сұраныс білдірді.

Шара соңында жазып, оқу дағдысын қалыптастыруға арналған әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды аса қызығушылықпен орындап, жаңа графикаға қатысты сұрақтарына жауап алды.










Артқа қайту