ҚАРАҒАНДЫДА: 4°C
  • USD 448.15
  • EUR 483.46
  • RUB 4.86
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

«Жаңа әліпбимен танысамыз» жобасы

26 Ақпан 2021 16:31

26 ақпанда Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының ұйымдастыруымен Қарағанды қаласының №102 мектеп-гимназиясының 10-шы сынып оқушыларына «Жаңа әліпби жобасымен танысамыз» атты танымдық сағаттың кезекті түсіндіру жұмысы өткізілді.

Қазіргі таңда әліпбидің қолданылуы және қажеттілігі туралы,

Қазақ әліпбиінің латын графикасына өтудің маңыздылығы жайлы,

Жетілдірілген әліпбидегі өзгерістер,

Диакритикалық белгілердің ерекшеліктері туралы ақпарат берілді.Шара барысында айтылым мен жазылым нормасы туралы да түсінік берілді.

Мектеп оқушылары жетілдірілген әліпби жобасымен жасалған түрлі тапсырмаларды жарыса орындады.Сондай-ақ оқушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, латын графикасына көшу еш қиындық туғызбайтынын, тез үйреніп кететінін жеткізді.










Артқа қайту