
E-mail
resurs210518@mail.ru

Мекенжайы
Кеншілер даңғылы, 64

Байланыс телефоны
+7 (7212) 25-51-90
+7 (7212) 25-34-00
Жаңалықтар
«Президент тапсырмасы негізінде қазақ тілі әліпбиінің жетілдірілген жобасын таныстыру шарасы»
22 Ақпан 2021 17:31
2021 жылдың 22 ақпанында Қарағанды облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес «Президент тапсырмасы негізінде қазақ тілі әліпбиінің жетілдірілген жобасын таныстыру іс-шарасы» тақырыбында Қарағанды облысының қаржы басқармасы мамандарына насихат шарасы ұйымдастырылды.
Шара барысында жетілдірілген әліпбидің көрші түркітілдес халықтармен ұқсастықтары және халықаралық стандартқа сәйкес алынған диакритикалық белгілердің атқаратын қызметтері кеңінен түсіндірілді.
Сондай-ақ Ресурстық тіл орталығы тарапынан оқылым дағдысын қалыптастыру мақсатында қолға алынған «Бүгінгі ой» жобасы арқылы практикалық тапсырмалар орындалды. Шараға 40 адам қатысты.