ҚАРАҒАНДЫДА: 21°C
  • USD 447.40
  • EUR 477.55
  • RUB 4.76
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

«Президент тапсырмасы негізінде қазақ тілі әліпбиінің жетілдірілген жобасын таныстыру шарасы»

21 Қаңтар 2021 16:31

  21 қаңтарда Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының ісшаралар жоспарына сәйкес  «Президент тапсырмасы негізінде қазақ тілі әліпбиінің жетілдірілген жобасын таныстыру іс-шарасы» атты тақырыпта Сәтбаев қаласында насихат жұмысы ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты 2020 жылғы 9 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің жетілдірілген жобасын таныстыру болды.

Аталмыш шараға спикер ретінде  Қарағанды «Болашақ» Академиясының профессоры, тіл жанашыры Құрманғазы Зәкірұлы Сембиев қатысты.

Түркітанушы-ғалым ретінде түрік әліпбиі мен жетілдірілген әліпби жобасын салыстыра отырып, үлкен айырмашылықтың жоқтығын ғылыми тұрғыдан дәлелдеп түсіндіріп берді.

Жетілдірілген әліппенің бұған дейінгі әліппелерден өзгешелігі мен өзара айырмашылығына кеңінен тоқтала отырып, ондағы өзгерген әріптерді ғана емес, оларды түрлендіріп тұратын диакритикалық белгілермен таныстырды. Шараға қатысқан балабақша, кітапхана мамандары және колледж бен мектеп мұғалімдері ғалымға қазақ тілінің дыбыстау жүйесі бойынша  сұрақтар қойды. Сұрақтарға тұшымды жауап ала отырып, өздерінің оң пікірлерін білдірді.

Насихат жұмысына Сәтбаев қаласынан 85 адам қатысты.










Артқа қайту