ҚАРАҒАНДЫДА: 4°C
  • USD 448.15
  • EUR 483.46
  • RUB 4.86
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

«Президент тапсырмасы негізінде қазақ тілі әліпбиінің жетілдірілген жобасын таныстыру шарасы»

20 Қаңтар 2021 16:31

2021 жылғы 20 қаңтарда Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес  «Президент тапсырмасы негізінде қазақ тілі әліпбиінің жетілдірілген жобасын таныстыру іс-шарасы» атты тақырыпта Қарағанды қаласының білім бөлімінің мамандарына кезекті насихат жұмысы ұйымдастырылды. Аталмыш шараға спикер ретінде Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Жұпар Жақанова қатысты.

Шара барысында 2020 жылғы 9 қарашада Президенттің қатысуымен өткен кеңестің  тапсырмасы негізінде облыс аумағында онлайн-семинар, танымдық сағаттар, әлеуметтік желілерге «Бүгінгі ой», «Айтылым мен жазылым бірдей ме?» тәрізді жобаларды жариялау түрінде  насихат жұмысы басталғаны ескертілді.

Жетілдірілген әліпби жобасы қай жағынан жетілгені осыған дейінгі әліпбилермен салыстыра отырып түсіндірілді. Ондағы диакритикалық таңбалардың не себепті түрліше алынғаны, қандай мағына беретіні  кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ әріптердің жазуға қолайлығы мен көз шалымға бірден қабылданатыны «Бүгінгі ой» жобасы арқылы практикалық тұрғыда нақтыланды.

Насихат жұмысына Қарағанды қаласынын білім бөліміне қарасты мектептердің қазақ тілі мұғалімдері, барлығы 86 адам қатысты.










Артқа қайту