ҚАРАҒАНДЫДА: 20°C
  • USD 446.49
  • EUR 475.38
  • RUB 4.79
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

«Президент тапсырмасы негізінде қазақ тілі әліпбиінің жетілдірілген жобасын таныстыру іс-шарасы»

19 Қаңтар 2021 16:30

  2021 жылдың 19 қаңтарында Қарағанды облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес «Президент тапсырмасы негізінде қазақ тілі әліпбиінің жетілдірілген жобасын таныстыру іс-шарасы» атты тақырыпта Қаражал қаласында насихат жұмысы ұйымдастырылды. Аталмыш шараға спикер ретінде  Ресурстық тіл орталығының әдіскері Әсия Даниярқызы Смықова қатысты.

2020 жылғы 9 қарашада Президенттің қатысуымен өткен кеңестің тапсырмасы негізінде насихат жұмысы басталғанын видео арқылы көрсете отырып, жетілдірілген әліпби жобасының осыған дейінгі болған әліпби нұсқаларынан өзгешелігі түсіндірілді. Ондағы диакритикалық таңбалардың не себепті түрліше алынғанын, қандай мағына беретініне кеңінен тоқталды.

Насихат жұмысына аталған өңірден:

бастауыш сынып және қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері;

мәдениет саласы мамандары;

мемлекеттік қызметкерлер қатысып, жетілдірілген әліпби нұсқасында дайындалған нақыл сөздерді оқыды.

Шараға барлығы 56 адам қатысты.










Артқа қайту