ҚАРАҒАНДЫДА: 21°C
  • USD 447.40
  • EUR 477.55
  • RUB 4.76
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

«Президент тапсырмасы негізінде қазақ тілі әліпбиінің жетілдірілген жобасын таныстыру шарасы»

18 Қаңтар 2021 16:30

  2021 жылғы 18 қаңтарда Қарағанды облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығы тарапынан Қарағанды қаласы білім бөліміне қарасты №22 орта мектеп ұжымына жетілдірілген әліпби жобасын түсіндіруге арналған онлайн семинар өткізілді. Семинарға мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдері, барлығы 35 адам қатысты.

Семинар барысында әліпбидің осыған дейін ұсынылған нұсқалары мен ондағы кемшіліктер, жетілдірілген әліпби жобасындағы өзгерістер туралы ақпарат берілді.

Семинар соңында жаңа әліпби жобасы негізінде жазылған бірнеше қанатты сөздер оқылым мысалы ретінде мұғалімдерге ұсынылды. Нәтижесінде қатысушылардың өзгеріске ұшыраған әріп таңбаларын қиындықсыз қабылдайтыны аңғарылды.










Артқа қайту