ҚАРАҒАНДЫДА: 20°C
  • USD 446.49
  • EUR 475.38
  • RUB 4.79
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

«Ересектерге тіл үйретудің тиімді тәсілдері»

15 Қаңтар 2021 16:31

  2021 жылғы 15 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы тарапынан «Ересектерге тіл үйретудің тиімді тәсілдері» тақырыбында семинар тренинг өткізілді.

Аталған іс-шараға  Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық  тіл орталығының бөлім меңгерушісі Жұпар Жақанова қатысып, Назарбаев университетінің профессоры З.Күзекованың әдістемелік жүйесіне негізделген «Сұқбаттасу грамматикасы» арқылы қатысымдық дағды қалыптастыру әдісі» тақырыбында баяндама жасады.

Жалпы, семинар-тренингке қатысушы ғалымдар, әдіскерлер мен оқытушылар тілді ұлттық лингвомәдени құзіреттілік тұрғысынан оқыту, оқылым дағдысын қалыптастыру, оқытудың интерактивті тәсілдерін ұтымды қолдану, қазақ тілінің дыбыстық жүйесін оқыту тақырыптарына байланысты оқылған баяндамалардан өздеріне қажетті ақпарат алып, өзара тәжірибе алмасты.










Артқа қайту