ҚАРАҒАНДЫДА: -19°C
  • USD 419.69
  • EUR 510.89
  • RUB 5.63
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Кеншілер даңғылы, 64
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 25-51-90 +7 (7212) 25-34-00

Жаңалықтар

«Президент тапсырмасы негізінде қазақ тілі әліпбиінің жетілдірілген жобасын таныстыру шарасы»

12 Қаңтар 2021 17:30

  12 қаңтарда Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының ісшаралар жоспарына сәйкес  «Президент тапсырмасы негізінде қазақ тілі әліпбиінің жетілдірілген жобасын таныстыру іс-шарасы» атты тақырыпта Бұқар жырау ауданында насихат жұмысы ұйымдастырылды. Аталмыш шараға спикер ретінде  Ресурстық тіл орталығының әдіскері Әсия Даниярқызы Смықова қатысты.

  2020 жылғы 9 қарашада Президенттің қатысуымен өткен кеңестің тапсырмасы негізінде насихат жұмысы басталғанын видео арқылы көрсете отырып, жетілдірілген әліпби жобасының осыған дейінгі ұсынылған әліпби нұсқаларынан өзгешелігін түсіндірді. Ондағы диакритикалық таңбалардың не себепті әртүрлі алынғанын, қандай мағына беретініне кеңінен тоқталды.

 Насихат жұмысына аталған өңірден : мемлекеттік қызметшілер, мектеп мұғалімдері, кітапханашылар қатысып, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды.

Шараға барлығы 63 адам қатысты










Артқа қайту