ҚАРАҒАНДЫДА: -19°C
  • USD 419.69
  • EUR 510.89
  • RUB 5.63
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Кеншілер даңғылы, 64
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 25-51-90 +7 (7212) 25-34-00

Жаңалықтар

«Президент тапсырмасы негізінде қазақ тілі әліпбиінің жетілдірілген жобасын таныстыру шарасы»

06 Қаңтар 2021 17:30

   2021 жылғы 6 қаңтарда Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес «Президент тапсырмасы негізінде қазақ тілі әліпбиінің жетілдірілген жобасын таныстыру іс-шарасы» тақырыбында Қарағанды қаласының білім бөлімінің мамандарына кезекті насихат жұмысы ұйымдастырылды. Аталмыш шараға спикер ретінде Ресурстық тіл орталығының әдіскері Әсия Даниярқызы Смықова қатысты.

Шара барысында 2020 жылғы 9 қарашада Президенттің қатысуымен өткен кеңестің  тапсырмасы негізінде насихат жұмысы басталғаны ескертіліп, бейнеролик көрсетілді. Жетілдірілген әліпби жобасы қай жағынан жетілгені осыған дейінгі әліпбилермен салыстыра отырып түсіндірілді. Ондағы диакритикалық таңбалардың не себепті түрліше алынғаны, қандай мағына беретіні кеңінен сөз етілді. Сондай-ақ әріптердің жазуға қолайлығы мен көз шалымға бірден қабылданатыны «Бүгінгі ой» жобасы арқылы практикалық тұрғыда нақтыланды.

Насихат жұмысына 115 адам қатысты.










Артқа қайту