ҚАРАҒАНДЫДА: -1°C
  • USD 429.75
  • EUR 507.45
  • RUB 5.61
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Кеншілер даңғылы, 64
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 25-51-90 +7 (7212) 25-34-00

Жаңалықтар

Орыстiлдi аудиторияға жаңа әліпбиді насихаттауға арналған вебинар

21 Қыркүйек 2020 17:30

2020 жылғы 21 қыргүйек күні Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Ресурстық тіл орталығы тарапынан Қарағанды қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес орыстілді аудиторияға жаңа әліпбиді насихаттауға арналған вебинар жалғасын тапты.

Бұл жолы түсіндіру жұмысы «Шахтер» стадионының қызметкерлері арасында жүргізілді. Шараға 23 адам қатысып, тыңдаушылар жазу реформасының қажеттілігіне қатысты сұрақтарға жауап алды.

Жалпы, тренингке қатысушылардың басым бөлігін өзге ұлт өкілдері құрағанмен, олардың арасында жаңа графикаға қатысты оң пікірдің қалыптасқаны қуантады. 

P.S. Болашақта өзге ұлт өкілдеріне арналған латыннегізді қазақ графикасын насихаттау жұмыстары жалғаса береді.










Артқа қайту